1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №44 (15502) 3 маусым, бейсенбі 2010
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
3 маусым 2010
Қалай сәлемдесiп жүрмiз?

Бүгiнгi жастардың, әсiресе, орысша тәрбиеленгендердiң сәлемi мүлде бөлек. Соңғы уақытта сүйiсiп амандасу кең етек алуда. Менiңше, бұл қазақ халқына жат. Тiптi, байырғы салт бойынша мұндай сәлемдесу әдепсiздiк деп саналған. Сондықтан адам баласы кiммен қай жерде, қандай жағдайда жолықса да, барынша сыпайы, әдептi түрде сәлемдесiп үйренгенi жөн-ақ.

Ал ендi бүгiнгi қазақ келiншектерi қалай амандасады? Ата-енесiне, қайын ағалары мен абысын-ажынға қандай сый-құрмет көрсетедi? Келiн боп түскеннен соң тiзесiн бүгiп, қолын кеудесiне қойып, иiлiп сәлем сала ала ма?
Абысын-ажындар бiр-бiрiмен “здрәсте” деп өте шығады. Жасы үлкен ана, әпкелерiмiз омырауын ашып, үстiне қысқа жейде, бұтына тыртитып шалбар киiп алғанын көрiп жүрмiз. Өте ерсi көрiнетiнiн өздерi байқамайтын болуы керек. Ауылдан арман қуып Алматыға оқуға келген бойжеткендерiмiздiң сондай жандарға елiктейтiнi де рас. Елiктеудiң соңы немен аяқталатыны да белгiлi. Ол ол ма, бүгiнде көне заманнан берi келе жатқан бiрiне-бiрi иба көрсету, үлкендердiң алдынан кесiп өтпеу, қос қолдап сәлемдесу сияқты әдеттерiмiз ұмыт болып бара жатқаны да шындық.
“Әдептi елдiң баласы алыстан сәлем бередi” дейдi атам қазақ. Сондықтан амандасу рәсiмiн жасағанда, оның өзiндiк дәстүрлi тәртiбiнен жаңылуға да, жалығуға да болмайтынын естен шығармайық.
Ұлдарай БАТЫРҚЫЗЫ
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нiң студентi,
Түркiстан қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті