1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (15500) 27 мамыр, бейсенбі 2010
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
27 мамыр 2010
«Екi жұлдыздың» кемшiлiгi неде?

«Екi жұлдыздың» ең үлкен кемшiлiгi – үмiт­керлердiң келесi айна­лым­ға шығуы үшiн жалпы дауыстың 50 пайызын иеленуi. Бұл – қазiргi кезде жиi айтылып жүрген сыбайластықтың ең «мәде­ниеттi» түрi. Өйткенi, әңгiменiң шыны керек, сiз де, бiз де танысымызға дауыс беремiз ғой. Бұл жерде әншiнiң ән таңдауы, оны көрермендерге жеткiзуi, өзiн сахнада ұстауы, дауыс және басқа да тиiстi санаттар ескерiл­мейдi. Мiне, Айнұр Тұр­сын­баева сияқтылар осындай жолмен басқа әрiп­тес­терiнiң обалына қалып, айналымнан айналымға өтiп отырды. «Ауы­лым» әнiн Дастан екеуi «басын жарып, көзiн шығарып» дегендей, әрең орындап шықты. Егер бәрiн көрермен шешiп, пiшетiн болса, онда әдiл қазылардың қажетi қанша? Дұрысы, әдiл қазылардың бағасы негiзгi өлшем болып қалуы тиiс. Мысалы, футболда шешушi матчтар бейтарап алаңда өткiзiледi. Неге? Осындай түсiнбестiк болмас үшiн. Сонан соң көптеген жерлерде дауыс сол зал бойынша ғана жиналады. Ал «Екi жұлдызда» SMS, ұялы телефон арқылы ойдан-қырдан таныстарын, ағайын-тумаларын жинаған соң, «жұлдыз» болып шыға келедi. Бұл әдiлеттiлiк пе?

«Екi жұлдыздың» соң­ғы екi-үш көрсетiлiмiне шолу жасар болсақ, маңдайы жарқырап тұрған, болашағынан зор үмiт күттiретiн бiрнеше талапкерлер байқаудан шығып қалды. Мысалы, Арман Қарабаев, Дилмурад Жамбакиев, Әнуар Нұрпейiсов кiмнен кем едi? Бiз Бақыт Шадаева, Алтынай Жорабаева, Диана Шарапова сияқты белгiлi әншiлердi айтып тұрған жоқпыз. Конкурстың талабы бойынша әр турдан соң бiр-екi талапкер байқаудан шығуы қажет болған соң, амал жоқ, олар ортамен қоштасып кете барды. Ал кейбiреулер сүйретiлiп аяғына дейiн жеттi. Бұл қалай? Шын жүйрiктер бағасын қашан алады?
Еркiн СЕРАЛИН,
Батыс Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті