1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (15492) 29 сәуір, бейсенбі 2010
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
29 сәуір 2010
«Қылжағыңа тойындым әбден...»

Баяғыда өзi бай, өзi қалжыңбас бiреу болыпты. Күндегi әдетi – үйiнiң алдына шығып, көзiне көрiнген жанды ертiп әкелiп, қонақ етiп сыйлайды екен. Сонда қонағын қара жерге отырғызып қойып: «Уай, қонағым! Қысылма. Шапаныңды шеш, жеңiлденiп, жұмсақ көрпеге шығып отыр. Немене... тойдым дейсiң бе?» – дейтiн көрiнедi. Және қонағы кетер кезде бiр күлшеге әрең жететiн тиын-тебен бередi екен. Осыдан әлгi бай ерекше бiр ләззат алатын құсайды. Бұл әңгiме маған қазiргi қазақ қоғамындағы тiрлiктi есiме түсiредi. Сондағы бай – билiк, қонақ – қараша сияқты.

Билiктiң қылжағы басқаша. Жалақы мен зейнетақыны там-тұмдап қана көтерiп, халыққа «ананы үйт», «мынаны бүйт» дейдi келiп. Басына тартса, аяғына жетпей, аяғына тартса, басы ашық қалатын қысқа көрпе жа­мыл­ған халықпен билiк санаса ма?!
Айтпақшы, әлгi әңгiменiң қалай аяқталғанын естерiңе салайын. Бiрде қалжыңбас бай бiреудi әкелiп, әлгi «ойынын» тағы бастапты. Бай: «Уай, қонағым! Қызыл шараптан алып отыр. Жә, жетер ендi. Тойдың-ау деймiн. Кекiрдiң ғой», – дей бергенде, әлгi қонақ байдың құлақ шекесiнен дәу жұдырығымен бiр қойыпты. Анадай жерге барып құлаған бай есiн жиып: «Немене... мас болып қалдың ба?» – дептi. Сонда қонақ: «Байеке, шарабыңа емес, қылжағыңа тойдым әбден...» дептi. Бай қатесiн түсiнiп, үндемей құтылыпты.
Мұны ерiккеннен жазып отырған жоқпын. Сөз ұғатын жан болса, осыдан ғибрат алса деген ойдамын.
Төкеш ТӨРЕБАЙҰЛЫ,
Қарағанды қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті