1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №32 (15490) 22 сәуір, бейсенбі 2010
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
22 сәуір 2010
Мұғалiмдердiң қалтасына қол сұғу керек пе?

ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаевтың: «ҰОС-ның 65 жылдығына орай соғыс ардагерлерi мен оның жесiрлерiне бiр реттiк жәрдемақы ретiнде 65 мың теңгеден берiледi. Оған бюджеттен 383 миллион теңге бөлiндi» дегенiн бәрiмiз бiлемiз. Сонда осы бөлiнген ақша мұғалiмдердiң екi күндiк, оқу iсiнiң меңгерушiлерiнiң төрт күндiк жалақыларынан ұсталмақшы ма?

Мұны жазып отырған себебiмiз, аудандық оқу бөлiмi «наурыз- сәуiр айларынан бiр-бiр күндiк еңбек ақылары ұсталсын» деген бұйрық шығыпты. Бiздiң мектеп айына 3 882 000 теңге алады, оның   1 күнi – 149 307 теңге. Екi күнi – 298 615 теңге. Ауданда 118 мектеп бар. Ендi осыны соларға көбейтiңiз. Осыншама қаражатты не iстейдi?
Дұрыс, ардагерлердi сыйлау, құрметтеу керек. Бiрақ, оны мұғалiмдердiң қалтасына қол сұғып жасау керек пе? Олардың аз ғана жалақысына, көз майын тауысып, жүйкесiн жұқартып тапқан еңбекақысына бiздiң аудан басшылары, бiлiм бөлiмi қол сұғуды қашан қояр екен? Аудан бойынша «Астана» күнiне де бiр күндiк жалақымызды ұстаған едi. Бұл бiздiң ауданда дәстүрге айналды. Осы «Астана» күнiнiң не керегi бар? Әлде мұның бәрi Астананың тапсырмасымен немесе келiсiмiмен iстелiп отыр ма?
Асыл МӘКЕН,
Мақтаарал ауданы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті