1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №32 (15490) 22 сәуір, бейсенбі 2010
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
22 сәуір 2010
Ұрыс даласында жалғыз өзi ғана қалған едi

Ерлiк – елге мұра, ұрпаққа – ұран

«Қазақкоммерцбанктiң» №2 риск-менеджмент департаментiнiң қыз­меткерi Бауыржан Ақат өзiнiң атасы, Украинадағы кезектi бiр ұрыста жалғыз өзi ғана тiрi қалған Берiкқұл Ақатов (1924-1963 жыл) жайында былай деп әңгiмелейдi:
– Менiң атам Берiкқұл Ақатов екi рет «Ерлiгi үшiн» медалiмен, Украинаны азат еткенi үшiн, II дүниежүзiлiк соғыста көрсеткен жанқиярлық ерлiгi мен Днепрдi кескi­лес­кен ұрыспен кешiп өткенi үшiн көптеген марапаттарға ие бол­ған.
Рас, мен атамды көрген жоқпын. Маған ол туралы әжем Баулахан Ақатова айтып бердi. Менiң әжем тылда ерен еңбек еткенi үшiн «1941-45 жылдардағы соғыс арда­герi» деген белгiмен және «Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 60 жыл» медалiмен марапатталған.
Менiң атам да сол кезеңнiң адамдары сияқты тағдырдың соққысына көндi, Соғыстың барша ауыртпалығын көтердi. Халық «Елдiң атын ер шығарады» деп бекер айтпаған ғой.
Менiң атам туып-өскен өңiр, нақтырақ айтқанда, Алматы облысы, Жамбыл ауданы – тарихқа өте бай өлке. Бұл өңiрден тарихи тұл­ғалар да көп шыққан. Менiң же­тiншi бабам Найманбай үлкен батыр болыпты. Жоңғар басқыншылығына қарсы күресте мыңбасы бол­ған. Батырлық та тек, тұқым қуалайды деседi ғой.
Әжемнiң айтуынша, менiң атам Берiкқұл аңшы болған екен. Бәл­кiм, содан болар, ол 1942 жылы №906 атқыштар полкына пуле­метшi болып алынады. Менiң атам 1944 жылы Укринада қатты жараланады.
Соғыстың заңы қатал болған ғой, ол кезде ұрыста пулеметшiнiң өзi тiрi қалып, бiрақ пулеметiнен айырылып қалса, әлгi пулеметшi атылу жазасына кесiлген. Ұрыс барысында немiс снайперi әуелi менiң атамның қолын жаралапты, сонан кейiн аяғынан жаралаған. Пулеме­тiн атуға шамасы келмей, әлсiреп құлап қалады. Әлден уақыттан ке­йiн есiн жиып, қолына винтовкасын алып, өзiн атқан снай­пер­дiң қай жерде жасырынып жатқанын бiлуге тырысады. Бiраз уақыттан кейiн атам винтовкамен атып, не­мiс снайперiнiң көзiн жоя­ды. Қа­сындағы серiгi екеуi пуле­меттi қайта iске қосады. Ұрыс екi сағат­қа созылады. Бiр уақытта бұ­лар­дың үс­тiне снарядтар қарша жа­уа бастайды. Снарядтың жарықшағы атамның басына тиiп, талып қалады...
Атам бұдан арғысын бiл­мейдi. Бiлетiнi – сол ұрыста жалғыз өзiнiң ғана тiрi қалғаны. Өзге­лердiң бәрi осы ұрыста опат болыпты. Абырой болғанда, көмек дер кезiнде келiп, менiң атамды көмекке келген бөлiмшенiң санитарлары госпитальға жеткiзген ғой. Содан атам 1944 жылдан 1946 жылдың аяғына дейiн госпитальда жатқан.
Соғыстан соң атам ауылға орал­ған. 1948 жылы үйленген. Менiң әжеме. Туған ауылы Сергевкада (қазiр Жангелдi ауылы) есепшi-бухгалтер болып қызмет атқарған. Атам сол соғыстың зардабынан, бұрынғы жарақаттары асқынып, 1962 жылы өмiрден өттi.
Жеңiс күнi де жақындап келедi. Атамның жеңiсi – менiң де жеңiсiм. Мен өзiмнiң атамның майдангер болғанын, ұрыста ерлiк көрсетке­нiн мақтаныш етемiн. Олар бiздiң тыныштығымызды қорғады, кейiнгi ұрпақтың бейбiтшiлiкте өмiр сүруi үшiн қан төктi, сол жолда құрбан болды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті