1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (16056) 1 қазан, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
1 қазан 2015
Саябақты Өзбекәлi Жәнiбеков атындағы деп атасақ...
Шымкент қаласының әкiмi Ғ.Әбдiрахимовтың назарына!
Оңтүстiк Қазақстан облысын ұлтжанды азамат Асанбай Асқаров басқарған жылдары әлi күнге дейiн Шымкент қаласының мақтанышы болып келе жатқан Дендросаябақ, Ипподром, Хайуанаттар бағы, Балалар темiр жолы және басқа да көптеген мәдени-көпшiлiк орындар халық игiлiгiне берiлген едi. Сондай тамаша көпшiлiк мәдени орындардың бiрi – “Фосфор” мәдениет үйiнiң бүгiнгi көрiнiсi кө­ңiлiмдi қатты құлазытады. Асқаровтың аманатына бұлайша қиянат жасау менi қатты қынжылтады. Аға ұрпақ өкiлдерi бiледi, бұл Мәдениет сарайында кезiн­де қандай маңызды iс-шаралар өткiзiлгенiн. Жасыл желекке көмкерiлген ауласы көпшiлiктiң бой сергiтiп, бала-шағаларымен бiрге тынығатын, жастардың жиi серуендейтiн сүйiктi демалыс саябағы болатын. Қазiргi күйi не болып жатыр? Қараусыз қалған, жетiмнiң күйiн кешкен ғимаратқа қарап отырып қарның ашады. Зәулiм ғимараттың оң жағындағы бiраз жер саунаға айналды. Сол жағы, баяғыда бала-шағамызбен келiп серуендейтiн, тiптi тұнық суынан балық аулайтын керемет жерде қазiр кафелер ашылып, даңғаза музыкасы жарым түнге дейiн миыңды шағатын жын-ойнақтың ордасына айналып шыға келдi.
Бұрын бұл Мәдениет үйiнiң ауласында Наурыз секiлдi ұлтымыздың ұлық мерекелерi өтiп, халықтың қуанышына ортақтасып тұратын. Қазiр өлi тыныштық. Керiсiнше ойдан қашқан, қырдан қашқандардың бой тасалайтын, бұзақылардың бас қосатын жерiне, қаңғығандардың қылмыс­тық әрекетiн iске асыратын ордасына айналып, қайғылы оқи­ғалардың орын алуына себепкер болуда. Қылмыстың ордасына айналмағанда қайтсiн, ағашы қалың сарай ауласындағы жарықтың бiреуi де жанбайды. Былайша айтқанда, қылмыскерлер үшiн таса, таптырмайтын орын. Түнде аулаға кiру былай тұрсын, жанынан өтуге қорқасың...
Тоқетерiн айтқанда, бұл Мәдениет үйi қайтадан саябаққа айналуы тиiс. Өйткенi Еңбекшi ауданының халқы ең тығыз орналасқан бұл төңiректе көпшiлiк серуендейтiн, тынығатын бiрде-бiр қоғамдық саябақ, демалыс орындары жоқ. Шымкент қаласын Арман Жетпiсбаев басқарып тұрғанда оның қабылдауында болып, осы мәселенi көлдеңi­нен қойдым. Ол кiсi облыс әкiмi­мен ақылдасып, бұл ұсынысты iске асырамыз дедi. Бiрақ болмады. Одан кейiнгi әкiмдердiң де қабылдауында болдым. Сол кезде де айттым, қазiр де қайталаймын. Мен өзiме үй, жер сұрап жүрген жоқпын, баламды да жұмысқа ал деп тұрғаным жоқ, менiң сұранарым – халыққа ортақ мәселе. Асанбай Асқаров салдырып кеткен “Фосфор” мәдениет сарайының айналасы – дайын тұрған саябақ. Ол саябақты мемлекетiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық, әсiресе, мәдени өмiрiн өркендетуге үлкен еңбек сiңiрген, ұмыт бола жаздаған қаншама ұлттық дәстүрлерiмiзге қайта жан бiтiруге атсалысқан ғалым, этнограф, Ленинградтың мұражайында тұрған Тайқазанның тарихи отанына оралуына бiрден-бiр себепкер болған жерлесiмiз Өзбекәлi Жәнiбеков атындағы деп атайық. Мұның жастарымызды, кейiнгi ұрпақты патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге де мол үлесi болмақ. Қаланың қазiргi әкiмi Ғ.Әбдiрахимов бұған не дер екен?
Өркен Әбдiреев,
Еңбек Қызыл ту” орденiнiң иегерi,
Шымкент қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті