1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №64 (16042) 13 тамыз, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 тамыз 2015
Көршiмнiң қызы көшеде жүр

Ол бiздiң көршiмiз едi. Әке-шешесi ауылда тұрады. Тамыр бiр туысымыз болмаса да, ата-анамыз олармен туысқандай аралас-құралас.

Өткенде такси болып жүрiп көршiмiздiң қызын көрдiм... көшеден. Иә, тәнiн сатқан жезөкшелердiң паналауымен аты мәлiм Алматының көшесiнде жүр. Көлiгiме мiнген шетелдiк екi азамат (аз-кем орысша шүлдiр­легенi болмаса бiр-бiрiмен өз тiлдерiнде сөйлесiп келдi) Алматы-1 темiржол бекетiне екi-үш аялдама жетпей түсiп қалды. Сонда барып сезе қойдым, мұнда олар көңiл көтерiп, қызыққа бату үшiн келген екен. Тоқтағаным сол едi, жол жиегiнде тұрған кексе қатын сақтықпен бiр қарап, көлiк iшiн сүзiп шықты да, “квартира бар, қыздар да бар” деп сарнай жөнелдi. Сол сәтте қараңғыдан бес-алты қыз бiзге жақындады. Олардың арасынан көршiмiздiң ортаншы қызын танып қалдым. Бетiне опа-далапты баттастырып жағып алыпты, саусағына қыстырған теме­кiсiн әлсiн-әлсiн сорып, көк түтiндi будақтата үрлейдi кеп. Менi таныса да бейтаныс кiсiдей сыр алдырар емес. Көлiктен түскен екi шетелдiктi қаумалаған қалың қызбен бiрге ол да саудаласа жөнелдi. Өзiңмен бiрге ойнап өскен адамыңның дәл осындай азғындық жолына түсiп кеткенi қандай аянышты. Өзегiмдi от қарып түскендей әлем-жәлем күй кештiм.
Көлiктiң барқыраған дыбысы ойымды бөлiп жiбердi. Бағдаршамның жасыл түсi жанған екен. Соңыма бiрнеше мәшине жиналып қалыпты.
 
М.Қасқабаев,
Алматы облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті