1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №64 (16042) 13 тамыз, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 тамыз 2015
Ұстазым әншi болуды таңдады

Өзiм шет тiлiн арнайы тiл курстарында, тiлдердi оқытатын университетте оқымасам да, ағылшын тiлiне жетiкпiн. Бұл – маған 5-сыныптан бастап сабақ берген Құралай апайымның арқасы деп бiлемiн. Өйткенi тiл бi­луде, ең маңыздысы, бастап­қы негiздердi меңгеру. Құралай апай осы негiздердi жақсы үй­реттi.

Мектеп бiтiргелi он жыл өтсе де, ағылшын тiлi сабағын тағатсыздана күткенiм есiмде. Себебi әрбiр сабақ қызықты өтетiн, ұстазымыз кез келген оқушының назарын үйiрiп әкететiн. Сөйтiп жүргенде, 3 жыл өттi. 8-сыныпқа келгенiмiзде бiзге ендi ағылшын тiлiнен өз апайымыз емес, басқа мұғалiм сабақ беретiнiн бiлдiк. Сөйтсек, Құралай ұстазымыз өз еркiмен арыз жазып, жұмыстан шығыпты. Кейiннен апайымның мұғалiмдiктi тастап, той-томалақта ән салатынын естiдiм. Күйеуi ауыл тойларын жүргiзетiн тамада әрi музыкант едi. Апа­йымның даусы жақсы-тын. Күн­дердiң күнiнде күнi бойы бала оқытып, мұғалiмдердiң бiтпейтiн жазуын жазып, әрбiр жиналысқа қатысып жүйке тоздырғанша, тойда ән салғаным артық деп шешсе керек. Ол уақытта бiр тойдан күйеуi екеуi кемiнде 10 мың теңге табады екен. Ал мұғалiмнiң сол кездегi жалақысы асып кетсе 40 мың теңге шамасында болатын.
8-сыныпты бiтiргенде, ата-анам басқа жерге көшемiз деген шешiм қабылдады. Мектепте үздiк оқығандықтан, басқа мектепте де ұятқа қалмайын деп намысқа тырысып бүкiл сабақтарымды тағы бiр пысықтадым. Ағылшын тiлiнен қосымша сабақ алсам деген ойым болды. Өзiмнiң бұрынғы Құралай апа­йымды үйiне iздеп бардым. Ол кiсi менi оқытуға бiрден келiстi. Екi ай бойы апайымның үйiне аптасына бiрнеше мәрте барып, тiл оқып жүрдiм. Ағылшын тiлiнде әңгiмелер оқып, мақал-мәтел­дерiн түсiнетiн деңгейге жеттiм. Апайыммен қоштасар кезде оқудың ақысы әрi алғысым ретiнде азын-аулақ ақша ұстатпақ болдым. Ұстазым менен бiр тиын алмады. Жаңа жердегi оқуыма сәттiлiк тiлеп, қош айтыс­ты.
Жаңа мектепте барған сыныбым ағылшын тiлiн бұрыннан тереңдетiп оқитын болып шықты. Бiрақ мен тiл бiлу жөнiнен олардың ең үздiк дегендерiн басып оздым.
Апайымның еңбегiн еш уа­қытта ұмытпаймын. Тiл бiлуде жеткен жетiстiктерiмнiң бәрi сол ұстазымның маған жұмсаған уақыты, қажыр-қайратының арқасында келген. Өзiмнiң туған жерiме бiр күнi жолым түссе, ең алдымен апайымды iздеп баруым керек деп түйдiм.
Орта мектеп осындай озық, бала оқыту жолын бiлетiн ұстаздарды көтермелемейтiнi өкi­нiштi. Әйтпегенде, Құралай апайым тәрiздi ұстаздар мек­тептi тастап, той-томалақты аралап кетпес едi.
 
Д.Естен,
Маңғыстау облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті