1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №64 (16042) 13 тамыз, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 тамыз 2015
Жемқорлық жайлаған институттың iшкi тәртiбi реттелсе...

Жазылған жайдың жаңғырығы

“Жас Алаш” газетiнiң 2015 жылғы 14 шiлдедегi нөмiрiнде жарияланған “Обырлану дертi асқынбай тұрғанда” мақаласы прокуратура тексеруi нәтижесiнiң қорытындысында берiлген анықтамаға негiзделiп жазылған едi. Алайда бұл мақалаға қатысты Институт жұмысына тiкелей басшылық ету құзыретiне ие Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк бағдарламалар министрлiгi қандай да бiр пiкiр бiлдiрмедi. Алатау ауданының прокуратурасынан “Сiздер тәртiп бұзушылықтарға қатысты ҚазОРҒЗИ-дың он бiр қызметкерiне тәртiптiк жаза қолданданғанын хабарлаймыз” деген қысқа ғана жауап қайтарылды. Осы жерде тоқтала кететiн мәселе, осы заңға қайшы әрекеттерге өзi тiкелей басшылық етiп, жеке қадағалауында ұстап, тиiстi құжаттарға қолын қойып, қолдап отырған Институт директоры Қ.Нұрғазиевтi кiм жазалайды? Сонымен қатар, осы он бiр адам­ға тәртiптiк жаза қолданды деген бұйрық ұжымға жария етiлген жоқ. Бұл әрекет директордың өзiн жақтайтын қызметкерлермен келiсiп, көз бояушылық жасап отырған кезектi қи­тұрқы әрекетi емес пе? Аталған қызметкерлердiң бұл iске тiкелей қатысының болмауы да мүмкiн. Ал Институт басшысы мекемеге тиесiлi қаражатқа билiк жүргiзбесе, негiзгi функцио­налды мiндеттердiң дұрыс жолға қойылып, атқары­луын қадағаламаса, Институт iстерiн кез келген қызметкер өз қалауынша ойындағы жымысқы әрекеттерiн iске асыра берсе, онда Институтқа директор не үшiн қажет? Осыған орай, Т.Дүйсенова әлi де болса өзiнiң нақты көзқарасын, пiкiрiн бiлдiредi деген ниеттемiз.
 
Б.ӘДИЕВ,
Алматы қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті