1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №64 (16042) 13 тамыз, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 тамыз 2015
Киiк неден қырылды?

Биыл Қостанай, Ақтөбе обылысындағы киiктердiң қырылуының себептерi әлi күнге дейiн белгiсiз болып келедi. Ғалымдар киiктердiң қырылу себебiн пастереллезға жапты, бiреулерi ракетадан аққан гептил деген отынға жапты, әзiрге тиянақты бiр шешiмге келген жоқ. Менiң айтайын деген сөзiме ғалымдар құлақ аса ма, аспай ма, оны өздерi бiледi. Бiздiң бала кезiмiзде әке-шешемiз қой ұстап, сол қойды ауыл болып кезектесiп бақтық. Сол кезде көктемнiң мол жауынды-шашынды болған кезiнде қой жайылымында шытыр деген шөп қалың шығады. Және де ол шөп қой, ешкi сүйсiнiп жейтiн қоңырбас, мортық деген шөптермен аралас шығады. Шытыр шөбiн жеген мал iшi кеуiп, аузынан ақ көбiк ағып өледi. Әкелерiмiз қой соңынан жiберерде малды шытыр шыққан жерге жаймаңдар деп әдейi ескертiп жататын едi. Егерде шытыр жеп iшi кеуiп өлейiн деп жатқан малды көрсең, 5-шi мен 6-шы қабырғалықтың арасынан iстiк тығып iшiндегi желiн шығап жiберiңдер дейтiн едi. Әсiресе iшi кеуiп өлетiн – қой, ешкi, сиыр малдары (көбiне ұрғашы малдар). Түйе малы жесе, артынан жел шығара бередi. Бұндай кезде түйенiң артынан қуалау керек. Әйтпесе iшi кеуiп өледi

Шытыр шөбi көктемнiң жа­уынды-шашынды кезiнде шығады. Улы кезi мамыр айының     15-iнен 30-ы аралығында болады. Содан кейiн дәнiн шашып қурап қалады (дәнi тарының дәнi сияқты ұсақ). Жауын-шашын аз кезде онша көп шықпайды. Иiсi өткiр, ащы, шытырдың көп шыққан жерiнде отырсаң басың айнала бастайды. Дәмi ащы болған соң төлдеген мал iздеп жүрiп жейдi. Бұл шөптiң шығатын жерлерi шөлдi, жартылай шөлдi жерлер. Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары осындай аймаққа жатады. Алдыңғы жылдардағы   Батыс Қазақстанда­ғы, биылғы жылғы Қостанай, Ақтөбе облысындағы киiктердiң қырылуының себептерi осы шытырмен байланысты сияқты. Жауын-шашын мол болды, киiктер­дiң қырылуы мамыр айының 15-i мен 30-ы аралығында және де өлген киiктердiң iшi кеуiп, аузынан ақ көбiк аққан. Өлiп жатқан киiктердiң көбiсi – ешкiлерi. Қыстан аш шығып, лақтаған киiктер алдындағы шөптердi отап келе жатады, оның iшiнде басқа шөптермен бiрге шытыр шөбi де бар. Киiктер пастереллез ауруымен ауырса, мамыр айының 30-ынан кейiн де ары қарай неге қырыла бермейдi? Гептил болса да сол маңдағы жан-жануардың бәрi қырылып қалуы керек қой? Өткен бiр телеэфирде атақты ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкiров киiктердiң қырылуын Арал те­ңiзiндегi Кеңес заманы кезiнде бактериялық қару шығарған “Возрождения” аралына таңғысы келдi. Ағамыздың оқымыстылығына, батырлығына бас иемiз, бiрақ қолында нақты дәлел болмаған соң, оның пiкiрiне де сене алмадық. “Возрождения” аралының iргесiндегi Арал қаласының және сол ауданның адамдары да, малдары да, аңдары да Құ­дайға шүкiр, дiн аман, сол те­ңiзден балығын аулап, тiршi­лiктерiн көрiп жатыр. Киiктерi суы ащы да болса сол теңiзден су iшедi.
Болашақта киiктердi аман сақтап қалу үшiн көктем уа­қытында алдын ала шытыр шөбi қалың шыққан жерлерден киiк­тердiң бағытын өзгерту керек. Осындай шараларды қолданбасақ, келешекте киiктерден       айырылып қалуымыз мүмкiн. Қазiргi жағдай қазақтың киiгiнiң басына келген жұт, тажал. Жұт­тың алдын алмаса болмайды. Халықаралық мамандар киiктiң неден қырыл­ғанын тауып бередi деп жүрiп, даламыздағы қырылғаннан қал­ған киiктерден айырылып, ен даламызда шашылған киiктiң қураған қу мүйiзi мен қу сүйегiн ұстап қалмайық, ағайын.
Аян Алдияров,
Ақтөбе облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті