1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №54 (16032) 9 шілде, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
9 шілде 2015
Сақтық пен сергектiк жетiспей тұр-ау бiзге

Жақында анаммен бiрге Ташкент шаһарына бардым. Ондағы темiрдей қатаң тәр­тiптi, сақтық пен сергектiктi көрiп, үлкен ойға берiлдiм. Өзбекстанға өтерде бiрiншi Қазақстан бекетiнен қолымыздағы үлкен төлқұжатты көр­сеттiк те оңай ғана өте шықтық. Ал Өзбекстан кеден бе­кетiнде екi сағат тұрып, әрең өттiк. Өзбекстан кеденшiлерi Қазақстанның да, Өзбекстанның да азаматтарын сүзгiден өткiзгендей мұқият тексерiп өткiзедi екен. Заң ереже­лерiнде көрсетiлгендей тыйым салынған заттар өткiзiлмейдi. Кеденнен өткен соң Ташкент шаһарына тарттық. Ташкентке жеткен соң, метроға ауыстық. Бiрақ бiз жол-жөнекей үстi-үстiне тексеруге тап болдық. Метроға кiре берiсте екi милиция келiп төлқұжатымызды сұрады, жiтi бақылап, тексеру өткiздi. “Қайдан келдiңiздер? Қайда барасыздар? Нендей мақсатпен жүрсiздер?” деп тәптiштеп сұрап алды. Жауабымызды тыңдап “Кечирасиз, огахлик – давр талаби. Ыхтият болинг!” деп құжаттарымызды қайтарып бердi. Осындай жағдай метро iшiнде де қайталанды. Қала iшiнде адым жер сайын Өзбекстан тәртiп сақшыларын кездестiрдiк.

Ташкент мұнтаздай таза, тып-тыныш қала екен. Бiздiң Алматыдағыдай шетел авто­көлiктерi, кептелiс атымен жоқ. Тек Өзбекстанның өзiнен шыққан автокөлiктер. Менiң таң­қалғаным, метро iшiнде, қала көшелерiнде, аялдамаларға iлiп қойылған “Огахлик – давр талаби” деген сөз болды. “Неге бұл сөздi милициялары да қайталай бередi? – деп сұрағанымда, анам былай дедi: – “Огахлик” деген сөз сақ­тық, сергектiк деген мағынаны бiлдiредi. Өзбекстан саған Қазақстан емес, бұлар өте сақ, бөгде елдiң азаматтарын бiздегiдей тайраңдатып қоймайды. Мұнда темiрдей қатаң тәртiп бар. “Ыхтияткорлик, огахлик – давр талаби” деп сақтықты, сергектiктi әсте ұмытпайды. Өзбек ағайындардан көп нәрсе үйренуге болады”.
Бiз жұмысымызды бiтiрiп, Қазақстанға бет алдық. Қайтарда Өзбекстан кеден бе­кетiнде көп тұрып қалдық. Қазақстан кеден бекетiне келсек, ешқандай кезек жоқ, адамдар кiдiрмей-ақ өтiп жатыр. Қазақ кеденшiлерiн көрiп қатты намыстанып қалдым. Әттең, маған салса, мұндай өз мүддесiн ел мүддесiнен биiк қоятын азаматтарды кеден маңайына жолатпас едiм. Не шара?!
Осы сапар маған үлкен ой салды. Бiз, қазақ, мақтан сөз­ге тым жақынбыз-ау шамасы. Шектен тыс жомартпыз. Кiм көрiнгенге құшағымызды ашып, бауырымызға басамыз. Сер­гектiк пен сақтықты аузымызға алмаймыз. Соның салдарынан шығар, өз елiнде өмiр сүрудi қанағат тұтпайтындар Қазақстанды мекен етiп жүр. Аталмыш елдерден келген келiм­сектердiң қолынан көптеген қандастарымыз мезгiлсiз көз жұмуда.
Мойындай бiлуiмiз керек, Өзбекстан халқы өз ұлттық мүддесiн бәрiнен биiк қояды. Үлкендерден естуiмше, Фер­ғанадағы қырғыннан қашқан түрiктер Алматының “Алтын Орда” базарын құтты мекенiне айналдырған. Алматы – қарақалпақ ағайындардың да құтты мекенi. Олардың заңсыз әре­кет­терiн бiлсек те етiмiз үйренiп кеткен, көрмеген боп жүре беремiз.
Қазақстанның Оңтүстiгiн­дегi қарақалпақ, өзбек, тәжiк ұлтының көпшiлiгi – бiз тәуел­сiздiк алғаннан кейiн келгендер.
Ташкенттен бiр өзбек апаймен бiрге қайттық. Әлгi апайдың айтуынша, отбасымен зейнет­ақы, шәкiртақы, балаларға беретiн көмек ақшаны Қазақстаннан алады екен. Сол ақшамен Ташкентте өмiр сүредi екен. Ол: “Ақша, дүние табуға Қазақстан жақсы, ал тұрамын десең, Өзбекстанға бар”, – дейдi. Бiз келiмсек­тердi еркiне жiберiп қойдық. Соның зардабы ғой, кешегi Сарыағаш, Келес өңiрiндегi тәжiк ағайындардың қан төгiсi. Мұндай қанды оқиғалардың сақтық пен сергектiк, бақылау жоқ жерде бола беретiнi сөзсiз.
Ақнұр Әшiрбаева,
Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студентi,
Алматы қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті