1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (16020) 28 мамыр, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
28 мамыр 2015
Бес белсендi бәле болды

Мектептерде оқу жылы аяқталар тұста ата-аналар арасында бiраз әбiгерлiк басталады. Өзiм мектепке тұра жүгiретiндердiң қатарынан емеспiн, жыл бойы тек екi рет қана ата-аналар жиналысына қатысамын. Басқа уақытта мектепке бас сұқпаймын.

 Бастауышпен қоштасу деген жатқан бiр машақат екен. Қызым 4-тi бiтiрмек, жиналыста белсендi шешелер екi бiлектерiн сыбанып алып, соңғы қоңыраудан соң қай мейрамханада атап өтудi қызу талқылауға кiрiстi.
– Балалар бiр белестен өттi, оларға сыйлық жасамаймыз ба? – деп әңгiменi бастады сөзiн Мәдина.
– Балалар онсыз да қаланың шуынан шаршады. Қала сыртындағы демалыс орнын бiр кешке жалдайық, – деп ұсыныс көтердi Айя. Осы кезде сынып жетекшiсi “мұғалiмдер бөлмесiне барып келемiн” деген сылтаумен сыртқа шығып кеттi.
– Балаларға қандай сыйлық, сынып жетекшiсiне қандай сыйлық беремiз? – деп шуластық. Осы сыныпта белсендi бес келiншек бар. Қалған он шақтысы оларды үнсiз құптайды, ендi бiр бесеуi оларға үнемi қарсы келедi. Ал қалған ата-аналарды жиналыста көрмеймiз.
Бес белсендi “қала сыртындағы демалыс орнын қажет” деп тапты. Адам басына 10 мың теңге, балаға – 5 мыңнан.
Бес ата-ана “бармаймыз” деп, әдеттегiдей қарсы шықтық.
– Бастауышты бiтiрдi екен деп, баланы соншама дандайсытудың қажетi қанша?
Менiң сөзiмдi бес белсендi құлақтарына қыстырмады да. “Ескi көзқарастағы адам екенсiң” деген сөз маған қадала қараған көздерiнде жазулы тұрды. Екiншiсiнiң езуiне үйiрiлген күлкiде “қайыршысың ба?” деген мыс­қыл тұрды. Үшiншi келiншектiң дөңгеленген көзiнен “баладан ақша аяп” деген ашу бай­қалды. Төртiншi белсендi мен жаққа жүзiн бұруды қажет деп таппады. Осымен сөз тәмам. Төртiншi сыныпты бiтiру кешiне тең жартымыз бармайтын болдық.
Мен де оларды түсiнбедiм, олар да менi тү­сiнбедi. Үйге келе жатып, алдағы уақытта қызымның осы сыныпта оқи беретiнiне күмән келтiре бастадым. Жоғарыға өрлеген сайын алда жүйке тоздырар жайттар да жиi кездесе бередi. Ондай кездерi бес белсендiнiң баласы менiң қызымды түртпектей берсе қайтпек­пiн?
Ағила Балтабайқызы,
Ақтөбе қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті