1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (16020) 28 мамыр, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
28 мамыр 2015
Амандаса бiлейiк

Жақында “Жас Алаштан” (№38, 11 мамыр, 2015 жыл) Нұртай Қыдыралы­ұлының “Сәлем – сөздiң анасы” деген тағлымы мол мақаласын оқыдым. Менiң де айтарым бар.

Кезiнде ұстазымыз Рахым Сатайұлы: “...Мына жас жеткiншектердiң сәлемдесуi ұнамайды маған, сыртынан қарасаң, өзбек әйелдерiнiң хал сұрасуына қатты келедi” деушi едi. Расымен де солай. Қос қолымызды алып, бiр жақ иығымызды оның иығына тигiзiп, басымызды амандасқан адамның басына тақай саламыз. Не құрмет, не сыйлағаныңды түсiнбей жатсақ та, бұл үрдiстен арылар емеспiз. Тiптен бұлай амандасуды Нұрлан Қоянбаев “Түнгi студия” бағдарламасында кең молынан көрсетедi. Келген қонақтың әрбiрiмен бағдарлама соңына дейiн 4-5 рет иық қағыстырып, бас соғыстырып үлгередi. Ал қазақша құшағымызды аша оң жаққа, сол жаққа бiр кеуде соғыстыра амандасып жатқан ешкiмдi көрмедiк. Көре қалған жағдайда ел саусағын шошайтып күлерi сөзсiз. Өйткенi ол санамыздан сызылып, жадымыздан жоғалып бара жатқан бейне емес пе? Сондықтан да ерсiлеу, дөрекi көрiнедi жастарға. Бұлай амандасу тек наурыз мерекелерiнде ғана орынды және жарасымды сияқты.
 
Серiкжан Мурасилов,
Нарынқол ауылы,
Райымбек ауданы,
Алматы облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті