1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (16020) 28 мамыр, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
28 мамыр 2015
Мен күтпеген едiм...

 Оқу жылы толығымен бiткен, жексенбiлiк таңдардың бiрi едi. Әжеме шай берiп болған соң, теледидар алдына жайғасып, әдеттегiдей “Қазақстан” ұлттық арнасына қостым. Арнада “Жек­сенбiлiк таң” бағдарламасы болып жатыр екен. Оның қонағы – белгiлi айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева. Қуанып кеттiм. Себебi айтыс сүйер қауымның бiрiмiн. Ол кiсiнiң әр сөзi мен үшiн тамыры терең, мағынасы мол, ағып жатқан таза бұлақ сынды, тыңдауға жалықтырмайтын, сөз әлемiнiң кемелденген түрi едi. Бағдарлама барысында Айнұр Тұрсынбаваға алтын ұя мектеп жайлы сұрақ қойылды. Керемет сұраққа қонақтың берген жауабының арасында: “Мектептегi керек емес сабақтар...”, “H2O-ның...”, “...жорғалаушылар әлемiнiң бiзге не керегi бар едi?”, “Мектептен құтылғанша асық болу” деген секiлдi сөздерiне таңғалдым. Киелi мекен – мектепте керек емес пәннiң болуы мүмкiн емес. Мек­тептегi әрбiр сала баланы жан-жақтылыққа тәрбиелейдi. Бәлкiм, қонақ ханым өз ойын басқаша, баланы бейiмдiлiкке тәрбиелеу жайлы айтқысы келген болар. Киелi сөз әлемiнiң тұтқасын ұстаған адам ретiнде өз ойын мәдени түрде жеткiзуiне болар едi. Бiрақ...

Мен ешкiмдi сөккiм келмейдi. Арнайы мектептер тек қалалы жерлерде ғана болғанымен, ауыл балалары үшiн ол – арман. Солардың бiрi – мен. Арманына қанат қағып, жан-жақтан үлгi алатын талапкерлер үшiн әр нәрсе маңызды. Осындайда “Маған әдебиет ұнайды,   химияның не керегi бар?” деп, химия оқулығының бетiн жауып тастаған балалар жоқ емес,  бар. XXI ғасыр – жан-жақтылық, оқу мен бiлiм, iзденiмпаздылық ғасыры. Менiңше, осынау бiр бәсекеге бейiм кезеңде, әр баланың жан-жақты болғаны абзал.
Нарғыз Аймұхаметова,
Үржар ауданы,
Шығыс Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті