1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (16020) 28 мамыр, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
28 мамыр 2015
Сөзi жақсының өзi де жақсы

Кеңестiк кезеңнiң солақай саясаты қазақ елiнiң сауатты азаматтарын қудалаумен бiрге қазақтың ауқатты азаматтарын жою саясатын да қатар жүргiздi. Елiмiз өз тәуелсiздiгiн алып, етек-жеңiмiздi жинаған соң нақақтан-нақақ айдауға түсiп, атылып кеткен боздақтарды ақтап, саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнiн атап өтiп келемiз. Менiң нағашы жұртым да сол зобалаңды басынан өткiздi, Әрине, олармен бiрге менiң анамның да көрмегенi жоқ.

Нағашы атам – Жаңай Таған Бағдабай палуан тағдыры сол зобалаң кезеңге тап болды. “Банды Бағдабай” атанып, ауқатты, елiне сыйлы азамат қудалауға iлiнiп, елден қашуға тура келедi. Көшiн Түрiкмен елiне бұрады. Үлкен қызы Iзбайданы айттыр­ған жерi – Шеркеш ауылына қашырып, Мырзайырбас құдығының басында қоштасады. Бұл – 1932-33 жыл едi. Шеркеш ауылында әкем Нұрлыбай елдi сауаттандыру қызметiн атқарған.
Бiр зобалаң басылып, анам Iзбайда Бағдабайқызы балалы-шағалы болып, ендi ел тынысын алғанда екiншi зобалаң бас көтердi. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс басталып, бiр отбасынан – Мұқажан, Нұрлыбай, Төлеген со­ғыс­қа кетедi. Үш апталдай жiгiттiң соңында мешел ше­ше, үш елiктiң лағындай ке­лiн­шектерi Қаншайым, Iз­байда, Тәттi шиеттей балаларымен қалады. Қайынағасы Мұқажан: “Келiн, сен ерте тұрасың, бiздiң үйдiң түндiгiн де ерте ашарсың” деп тапсырып кеттi” деп, асыл анашым сағынышқа толы жанары жасқа толып, сол кездi еске алушы едi. Анам бұрынғы Ленин колхозында еңбек еттi. Таңның атысы, күннiң батысы тыным жоқ. Қайран шешелер, шотпен шөп жауып, орақпен егiн орып, мал бағып, сиыр сауып, май шай­қап... бәрiн-бәрiн iстедi ғой. Анам сауыншы да, депутат та болды. Отбасынан кеткен үш жiгiттен Төлеген көкем ғана аман оралды.
1957 жылы анам өз әкесiн iздеп, Түрiкмен жерiнiң Байрамалы Тәженнiң “Топаз” деген ауылынан тауып, қауышады. Анашым Iзбайда келбеттi, бетiнен қаны тамған, орта бойлы жан едi. Төркiнiн тауып келген соң әке­сiне Құдайы тамақ берiп: “Өл­кемiзден айдалып кеткен мыңдаған жазықсыз жапа шеккен­дердiң мәйiтi қайда қалса да, жандары жаннаттың төрiнде болсын! Әке бейiтiн табудың өзi сол зұлматтың ащы уын татып өскен ұрпақ үшiн жұбаныш екен... Әкем бауырлас түрiкмен жерiнде па­луан Бағдабай атаныпты. Ол кiсiге мәңгiлiк мекен – сол жерден бұйырды”, – дедi.  
1964 жылы төркiндерi Қазақстанға көшiп келдi. Аппақ анам бауырларын құшағын ашып қарсы алды. Бiздерге туыстық сезiмдi сыйлауды бойға сiңiрiп кеттi.
Ескi Өзен поселкесiне тұңғышы мұғалiм қызметiне келедi. Анам сонда көшедi. Бұл – 1963 жыл едi. Көзiнiң ағы мен қарасындай екi ұлының кiшiсi Оңайбай 1975 жылы кенеттен қайтыс болады. Қарапайым халықты қан қақсатқан зұлмат жылдарда көрген бейнетi аз болғандай, ендi анам жесiр келiн мен шиеттей бес баланың қамы үшiн қайта белiн буып, “қанатымен су сепкен қарылғаштай”, оларға пана бола бiлдi. Менiң ардақты анашым немерелерiн жетiлдiрiп, келiнi Тәжiктiң ауыр жүгiн же­ңiлдетiп, ағайынға жақсы сөзi­мен жандарын жайната бiлген адам.
 
Қоңыр Бекетаева,
Жаңаөзен қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті