1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (16020) 28 мамыр, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
28 мамыр 2015
Робинзон Крузо синдромы

Құлпырған даламен күн шуағына рахаттанып, жаяу, шаршамай, шалдықпай келе жатырмын. Маңайым – жемiстерi әбден пiсiп, жерге түсiп жатқан иран бақ. Көз ұшында шыңдарын қар басқан алып таулар көрiнедi. Ол жақтан жанымды жадыратып, самал есуде. Құрма ағаштарының бұтақтарын мекендеген сайрауық құстар тамылжыта ән салуда. Жерде шашылып жатқан алқорылардан уысымды толтыра асап-асап аламын. Қарным тоқ, уайымым да жоқ секiлдi. Бiрақ көңiлiм неге екенi беймәлiм, алаңдаулы. Бiр суық сезiм iшiмдi қалтыратып қояды. Жан-жағыма алаңдап, әлдененi iздейтiн секiл­дiмiн. Аңдар маған тиiскен жоқ. Әлгiнде жолыққан жолба­рыс­тың өзi азу тiстерiн ақситып, есiне­генi болмаса, менi жан екен деп елемедi. Арбаңдаған анау аю да қонжықтарына әлдененi көрсе­тiп, қасымнан өтiп кеткен… Мiне, адамдар көрiндi. Манадан iзде­генiм солар екен. Қуанып, алдарына қарай құрақ ұштым. Неге екенi белгiсiз, олар сәле­мiмдi алмады. Бәрi бiртүрлi жансыз секiлдi… Бiреуiмен сөйлеспекке талаптанып көрдiм. Қолын алып едiм, сұп-суық, жан жоқ.

– Бiздер адам емеспiз, роботтармыз, – дедi әлгiм даусы қырылдап.
– Сонда адамдар қайда кеткен? – дедiм айқайлап… Жауап орнына робот сықырлай басып, менен алыстап кеттi.
– Бiздегi бағдарламаға бұл сауалыңызға жауап жазылмаған, – деген темiрдей шыңылдаған механикалық үндi естiдiм алыстан.
– Роботтардан жақсылық күтпе. Оларда сезiм болмайды. Сондықтан, аяушылық, ме­йi­рiм, қайырым секiлдi адамдарға ғана тән қасиеттерден олар ада, – дедi санама жоғарыдан құйыл­ған ойлар…
Ендi бiр уақытта қала iшiнде автобуста келе жатыр екенмiн… Жолаушылар әдеттегiдей бiр-бiрiмен сөйлесiп те отырған жоқ. Түстерi суық. Бәрi де қымбат киiнген. Саусақтарында алтын, гауһар, асыл тастар…
– Сендер де роботсыңдар ма? – деймiн қасымда отырған балаға бұрылып…
– Жоқ, бiздер роботқа әлi айналып үлгерген жоқпыз. Робот болу үшiн бойымыздағы бүкiл адами сезiмдерден, кiсiлiк қасиеттерден әбден арылуымыз керек, – дедi ол маған түнере қарап…
…Қыстығып, жылап жатып оянып кеттiм.
Байлық деген кейде адамның басын айналдырып, кiсiлiктен жаңыл­дырады. Айтпақшы, байлық дегенде, Робинзоннан бай адам болмаған ғой. Мұхиттағы бүтiндей бiр арал меншiгiнде. Аралдың аң-құстары, жемiстерi, қойнындағы барша қазыналары, мұхиттағы маржан, балықтары – бәрi Робинзондiкi болды емес пе? Жетпегенi Адамдар ғой, Робинзонға! Естерiңiзде болар, алғаш Пятница – Жұма қасына серiк болғанда, Робинзон қалай қуанып едi…
Айналаңда адамдар болмаса, өмiрде байлығың да, биiк манса­бың да түкке керек емес. Даңқың да, дарының да солай. Адамдар қоғамы ғана адамды бақытты ететiн… Олай болса, бай бол, патша бол, алдымен маңыңдағы адамдарды сыйла. Арман-мақсаттарыңды, тiптi, өмiрiңдi де соларға арна!
Мен Даниэль Дефоны адамзаттың ең ұлы да данышпан жазушысы деп ойлаймын… “Робинзон Крузо” атты тағылымы зор роман жазғаны үшiн оған мың да бiр рақмет!
…Адамдарсыз бақыт жоқ! Тiршiлiгiңнiң тынысы үзiледi. Ей, адамдар, бiр-бiрiмiздi шындап қадiрлейiкшi!..
Смағұл РАХЫМБЕК,
жазушы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті