1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №40 (16018) 21 мамыр, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
21 мамыр 2015
Қазақстанда жер тапшы ма?!

Елiмiзде елорда деген жаңа атқа ие болған Астана қаласы күн сайын көркейiп келедi. Рас, зәулiм ғимараттар бiр-бiрiнен асып, бой көтерiп жатыр. Жаңа сауда орындары, медицина орталықтары, оқу орындары саны жағынан мол

(сапасы туралы бөлек әңгiме). Дегенмен, мәселелер де жоқ емес. Соның бiрi – күннен-күнге көбейiп келе жатқан көлiк кептелiсi.
Кеше ғана “Алматыдағы кептелiс бiзде жоқ” деп мақтанушы едiк, бүгiнде олай мақтана ал­маймыз. Ендi бiрер жылда ол жағынан Алматыны басып озатынымыз анық.
Бұл проблема бүкiл дүние жүзiнiң үлкен қа­лаларында бар. Бiрақ ол қалалардың көпшi­лiгiнiң салынғанына бiр­неше ғасыр болған. Ендi кеңейтетiн мүмкiндiк­терi жоқ. Ал бiздiң Астана ше! Есiлдiң сол жақ жағалауындағы жаңа қаланың бой көтерге­нi­не он шақты жыл ғана болды. Сол дүние жү­зiндегi проблеманы кө­рiп отырып, көшелердi тап-тар етiп салуға не себеп болды екен?
Таңертең және кешкi уақытта алақандай Астана қаласындағы сол жағалаудағы жұмыс орныңнан оң жағалаудағы үйiңе, айналдырған 10-15 км жерге бiр сағаттан артық жүрiп келесiң. Күн сайын бiрнеше сағат алтын уақытыңды жолға жұмсайсың. Сол кезде “Апыр-ай, сонша тарылатындай Қазақстанда жер тапшы болды ма екен?!” деп күйiнесiң.
Сол жағалаудағы жа­ңа көшелердiң бiра­зы­ның кеңдiгi екi жолақтан ғана. Қауырт уақыттарда машина кептелiсi бiр­не­ше шақырымға созылады.
Ендi бiр-екi жылда қа­лай болар екен?
Сайлау Бақытбеков,
Астана.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті