1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №40 (16018) 21 мамыр, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
21 мамыр 2015
Азға жұтылғыш, аздың ығына жығылғыш халықпыз

Мемлекеттiк тiл тақырыбы жауыр тақырыпқа айналғаны рас. Ана тiлiмiзде сөйлеу, сол тiлде iс қағаздарын жүргiзу туралы айтыла бастаса, екiнiң бiрi қолды сiлтейтiн жағдайға жеттiк. Десек те, осы тақырыпқа байланысты қызық оқиғаны ортаға салғым келедi.

Өзiмнен кейiнгi iнiм мен келiнiм ауылдан шыққан, қарапайым қазақы ортада өскен жандар. Жұмыс бабымен қа­лаға көшiп келiп, сонда тұрақтап қалды. Қазiр ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере сүйiп отырған жайы бар. Таяуда сол бауырымның үйiне бардым. Алдымыздан жүгiре шыққан iнiмнiң немересi былдырлап әлдененi айтып, әуесi­мiздi келтiрдi. Бастапқыда мән бермеппiн, үш жастан ендi асқан Аружан орысша сөйлейдi екен. Оның сұрақтарына үй iшiндегiлер де, бiз де орысша жауап берiп отырмыз. Әлден уақытта iнiмнен бұ қалай деп сұраймын ғой. Сөйтсем, кiшi келiн орыстiлдi көрiнедi. Күн­дiз-түнi шешесiнiң жанында жүретiн немересiнiң тiлi де орысша шығыпты. “Келiн орыс­тiлдi екен. Ал сендер қазақсыңдар ғой? Неге балаға қа­зақша сөйлеп үйрет­пей­сiң­дер?” десем, “қазақша да түсi­недi. Бiрақ ойын орысша жақсы жеткiзедi. Сөйлесiп отырып, өзiмiз де байқамай қаламыз орысша сөйлеп отырғанымызды” деп күледi. Расында да, сол күнi iнiмнiң үйiне жи­нал­ған он шақты адам кiп-кiшкентай Аружанмен қазақша сөйлес­педi. Тақылдап, сайрап тұрған сүп-сүйкiмдi балақайдың қы­лығын әуес көрiп, ананы-мынаны сұраймыз ғой. Бас­тапқыда тәп-тәуiр қазақша сұрап, орысша жауап аламыз да, соңында басқа тiлде баламен бiрге шүл­дiрлеп отырғанымызды байқамай қалдық.
Үйге қайтып келе жатып әйе­лiме: “Аружанға қосылып, бәрiмiз орысқа айналдық қой”, – деп күлдiм. “Бiздiң халық үнемi сондай ғой.        Жиыр­ма қаракөз отырып, арасына бiр басқа ұлттың адамы кiрсе, сол ұлттың тiлiнде шүл­дiрлей жөнеледi”, – дедi келiн­шегiм. Расымен де, неге бiз азға жұтылғыш, аздың ығына жығылғыш халықпыз осы?
Асан Мамытов,
Алматы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті