1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №40 (16018) 21 мамыр, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
21 мамыр 2015
Жаңсақ пiкiрден арылғанымыз жөн

Тәуелсiздiк алған жылдардан берi көршi өзбек халқының саны 30 миллионнан асса, бiзде ондай қарқынды өсiм байқалмайды. Десек те, соңғы уақытта егiздер мен үшем, төртемдердi дүниеге әкелiп жатқан алтын құрсақты аналарымыз аз емес. Өкiнiшке қарай, Қазақстанның қай аймағында болмасын, бiрден екi-үш балалы болған отбасыға мемлекет тарапынан берiлетiн көмек ауыз толтырып айтарлықтай емес. Әрi кетсе, бiр құшақ гүл­мен сәбилi болған шаңыраққа құтты болсын айтып кiретiн әкiмқаралар кейiн сол отбасыны естен шығаратыны жасырын емес. Байқасаңыз, үшемдерiн дүниеге аман-есен әкелген отбасылардың басым бөлiгiнде баспана жоқ. Әлеуметтiк тұрмыстары да мәз емес. Ал көмектесуге тиiс басшы-қосшылар қауқарсыздық танытатыны бар. Сондай “қау­қарсыздық” шенеунiктердiң қа­уашағына “баланы тусаң, өзiң үшiн тудың, мемлекетке мiндет­сiнбе” деген түсiнiктен пайда болған. Естерiңiзде болса, үлкен бiр шенеунiктiң баспана сұраған көпбалалы ата-анаға осылай дегенi бар едi. Соның “салқыны тидi ме”, әйтеуiр соңғы уақытта көпбалалыларға көмектесудiң орнына, басшылардың қырын қарайтыны жиi кездеседi.

Дұрыс, әрбiр ата-ана баланы ең алдымен өзi үшiн дүниеге әкеледi. Алайда сол бала осы мемлекеттiң ертеңi емес пе? Құдай бетiн аулақ етсiн, егер әлеуметтiк жағдайдың салдарынан елiмiздегi жұбайлар бала туу санын қазiргiдей мәжбүрлi түрде кемiте берсе, Қазақстанның келешегi қалай болмақ? Қазiргi билiк тiзгiнiн ұстағандар өздерiн мәңгiлiкпiз деп санай ма? Уақыт өтедi, бүгiнгi жас қартаяды. Кәрiнiң орнын жастардың басатыны өзгермейтiн заңдылық. Ал туу көрсеткiшi “мемлекетке мiндетсiнбе” деген таяз түсiнiктiң аясында азая берсе, қазiргi шiренген шенеунiктердiң орнын кiм басады?
Қазақстанда туылған әрбiр сәби ата-анасы үшiн қалай керек болса, мемлекетке ауадай қажет балалар. Мемлекеттi құрайтын – халық. Ал халық жоқ жерде ел де жоқ. Сондықтан “баланы өзiң үшiн туасың” деген жаңсақ пiкiр­ден арылуға тиiспiз. Тiптi осындай сөздi айтқан кез келген шенеунiктi жауапқа тартса, демографияның шиеленiскен мәсе­лесi де шешiмiн табар едi.
 
Баянғали Арынов,
Баянауыл ауданы,
Павлодар облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті