1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №38 (16016) 15 мамыр, жұма 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
15 мамыр 2015
Бес саусақ бiрдей емес

Мектепте оқитын оқушының бәрi бiрдей емес. Бiр оқушы қабiлеттi, ендi бiрi – жалқау. Бұл балаларды салыстырып, “мынау – жақсы”, “мынау – жаман” деп кемсiтуге болмайды. “Адам болуы – қиын” деген оқушының кейiн жақсы азамат болғанын көрiп жүрмiз. Данышпан Абай: “Егер мен закон қуаты қолымда бар адам болсам, “мына адам түзелмейдi” дегеннiң тiлiн кесер едiм” дейдi. Атақты ғалым Исаак Ньютон мектепте физика пәнiнен үнемi нашар баға алған, кейiн ол атақты “Ньютон заңын ашып, ғылымға көп үлес қосты. Альберт Эйнштейндi де “оқуға құлшынысы шамалы, тәртiпсiз” ден санаған. Кейiн ол атақты ғалым болып, физика ғылымында үлкен жаңалық ашты. Мұндай мысалдар өмiрде көп.

Мен өз басымнан өткен бiр мысалды келтiрейiн: Өмiржан есiмдi бiр оқушы мектепте нашар оқыды, әрi тәртiбi де өте нашар болды. Талай рет оны мектептен шығарып жiбере жаздадық. Алайда орта мектептi бiтiруiне көмектестiк. Бiр жылдары сол оқушының полиция капитаны дәрежесiнде учаскелiк тәртiп сақшысы болып қызмет етiп жүргенiн өз көзiммен көрдiм.
Менiң, әсiресе, бастауыш сынып мұғалiмдерiне айтарым: баланың бiр пәнге қабiлетi болмаса, басқа пәнге ықыласы болады. Тәртiбi нашар болса да, сабақты жақсы оқитындары, ал керiсiнше, тәртiбi жақсы болғанмен, сабаққа ынтасы жоқ оқушы да бар. Мұны байқаған мұғалiм сол оқушының ата-анасымен ақылдаса шешiп отырғанда ғана жақсы жетiстiктерге жете алатындарын ұққаны жөн. Ал мектепке жаңа келген бастауыш сынып оқушысына мұғалiмнiң айтқанын тыңдау, сабақ оқу үлкен азап болып көрiнедi. Мұғалiмнiң оқушының мектеп тәртiбiне үйренуiне жағдай жасағаны жөн.
 
Айбол Битуғанов,
педагог-ұстаз,
Талғар ауданы,
Алматы облысы.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті