1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №24 (16002) 27 наурыз, жұма 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
27 наурыз 2015
Сахна – тойхана емес!

Қазiргi кезде бұрын-соңды қолына қалам алмаған, былайша айтқанда, жазу-сызудан бейхабар жандардың, әсiресе, ақ сақалды қарияларымыз бен ақ шашты апаларымыздың өлең жазып, көр­кемдiгi төмен отбасылық кiтаптар шығарып жатқаны баршамызға белгiлi. Ешкiмге таңсық та, қызық та емес, арзан атақты малданғысы келiп “әлекке түсiп” жүргендерiне әрi күлесiң, әрi ұсақталып кеткен болмыстарына қарап қарның ашады. Жүрегiмiздi май iшкендей кiлкiтiп жүрген тағы бiр нәрсе – соңғы кез­дерi өнер адамдары (әншi, күйшi, бишi) бой көрсететiн киелi сахнаны сыйламай, тойханаға айналдырып жiбер­генiмiз...

Теледидардан берiлген концерттi тамашалап отырып, ұяттан, намыстан өр­тенiп, бетiңдi басқандай боласың. Бала кезiмiзде, немесе есейген шағымызда, тiптi осыдан 5-6 жыл бұрын да мұндай көрiнiстер байқалмайтын. Ал ендi ше? Жастардың сүйiктi әншiсi Қайрат Нұртас ән айтқанда тыңдармандардың ду қол шапалақтап қошемет көрсетуi, ән­шiге құшақ-құшақ гүлдер ұсынуы – бәрi-бәрi орынды, жарасымды-ақ. Ал Заттыбек Көпбосынов шығып “Ақ маржанды” айтса бiттi, ел ағасы атанған ер-азаматтарымыздан бастап ақ жаулықты әжелерiмiзге дейiн ортаның “шаңын шығарып” билей жөнелетiн болыпты. Концерт залына қаншама адам билет сатып алып, “ән тыңдап демаламыз, рухани ләззат аламыз” деп келмей ме? Көрермен ортада елiре билеп жүр­ген сол адамдардың өздерi­не мүлдем бiлiнбейтiн ерсi қылықтарын, “биiн” тамашалауға келмейтiн шығар. Кейбiр қыз-келiншектерiмiз өздерiн-өздерi ұмытып, ыр­ғаққа берiлiп, әртүрлi қимылдармен отырған орындарында билей бастайды. Апыр-ау, бұл не деген бейәдеп тiрлiк? Ұят қайда? Мәде­ниетiмiз қайда? Билегiлерiңiз келiп, әнге делебелерiңiз қозып, өздерiңiздi ұстай алмасаңыздар тойханаға, отырыстарға барсаңыздаршы. Хас өнердi паш ететiн, рухани нәр беретiн киелi сахнаны олай басынбасаңыздар екен?! Не сұмдық бұл?
 Қай күнi екенi есiмде жоқ, теледидардан “Мұзарт” тобының концертiн тамашалап отырғанмын. Көрермендер арасынан басына тақия киген,70-тi алқымдап қалған қария ашық алаңқайға шығып, қолдарын сермеп қойып қиқалаңдап “билегенсымақ” болып тұр. Залдағылар бұл көрiнiске күлiп жатыр. Әрине, ерсi екенiн сезiп... Әншiлерi­мiз не десiн? Жерлесiмiз Сәкен Майғазиев: “Көкемiзге бiр құрмет көрсетiңiздер”, – дедi. Ұялғанынан-ау. Әлгi ақсақал одан кейiн де “биiн” тоқтатқан жоқ.
Апыр-ау, не болып барамыз өзi. Жастарға берер үлгi өнегемiз осы ма сонда? Қайта жастарға рақмет. Мұндай ерсi қылықтарға олар бара бермейдi. Көресiнi үл­кендерден көрiп отырмыз ғой.
Қуаныңыздар, шаттаныңыздар, әншiлерге қол соғып өнерге құрмет көрсетiңiз­дер, оған ешкiмнiң дауы жоқ. Бiрақ өздерiңiздi де, өнер адамдарын да мазақ етпей киелi сахнаны сыйласаңыздар екен?! Сахнаны тойханаға айналдырмайық та!
Қалдыгүл Мұратова,
Созақ ауданы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті