1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №24 (16002) 27 наурыз, жұма 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
27 наурыз 2015
Қайдасың, «мұртты майор»?

Қазiр Рудный қаласында тұратын Жаңаберген ағам айтқан мына оқиғаны өз­дерiңiзбен бөлiскiм келедi.

Жәкең 2002 жылы елге өзiнiң жүк көлiгiмен көшiп келдi. Жүктердiң үстiңгi жағында “баба көзi” деп, қимай алып келе жатқан екi киiз үйдiң шаңырағы байлау­лы болады. Жолда МАИ қыз­меткерлерi бекер обалы не керек, бiрi де жолдарын бөгемейдi. Тараз қаласына жақын маңдағы бекетке келгенде жүрек тебiрентер ерекше оқиға болады. Алдыларынан ала таяқ ұстап шыққан төртпақ келген “мұртты майор” екi қолын аспанға көтерiп: “Көш ке­ледi! Шаңырақ келедi! Қа­зақ бауырым келе­дi!” деп айқайлап қоя бередi. Осылай деген мұртты майор Жаңаберген ағамды құшағына қысқанда ет-жүрегi елжiреп, көкемнiң көзiнен ыстық жас бұрқ ете қалады. Содан соң жанындағы ұлты түрiк әрiптесiне қарап, “Мiне, менiң бауырларым келiп жатыр. Ертең елi­мiзге қандай да бiр қауiп төнсе, менiмен бiрге осы бауырларым қорғайды мына даланы!” деген сөзiнен кейiн, тiптi төбем көкке екi-ақ елi жетпей қалғандай болды.
Осы күндерi Оразов сияқ­ты озбыр ойлылардың сөзiн естiгенде, сол “мұрт­ты майор” ерiксiз еске түседi. Әттең, қолыма алтын балық түссе, сол “мұртты майорды” тауып, анау жоғарыда отырған мұрттының орнына отыр­ғыз” деп сұрар едiм. Сонда ол “мұртты майор” өзiнен жоғары шалды да шыңқ еткiзбей тыңдатып, көш қайта қозғалатын едi деп қиялдаймын, – дейдi Жәкең.
Жоғарыдағы мұртты мырзаның ұлтқа жасап отырған тiрлiктерiне күйiн­генде мейiрiмдi мұртты майордың кескiн-келбетi көз алдыма келiп, “кiнә мұрттан ғана емес” дегендей болады. Ол жағын кiм бiлiптi, ендi...  
Қайдасың, “мұртты ма­йор”?!
 
Камаладин Жәнiбеков,
Түймекент ауылы,
Байзақ ауданы,
Жамбыл облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті