1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22-23 (16000-01) 19 наурыз, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
19 наурыз 2015
“Қыз мұраты – кету” ме?

“Қыз баланың осы өмiрге келгендегi басты мақсаты – отбасының берекесi атану”, “Қыз мұраты – кету”. Мұндай жаттанды сөздi 25 жастан асқаннан кейiн-ақ жақын-туыс, таныс, жамағайын, ата-анаңның жолдастары, таныстары... бәрi-бәрi айтады. Сонда сол қыздардың бұл өмiрде тұлға болып қалыптасуы, мақсаты, тал­ғамы, арманы қайда қал­мақ? Неге мұны ешкiм ойламайды?

Заманына қарай – адамы. Бүгiнгi таңда қыздардың өмiр­лiк ұстанымдары өзгеше. Оған себеп – заман талабы. Мысалы, менiң ұстанымым жоғарғы бiлiм алу, ата-анама алған бiлi­мiмнiң жемiсiн жегiзу, жақсы маман иесi атану, өмiрде өз армандарыма қол жеткiзу. Және мұндай ұстаныммен жүр­ген қыздар жалғыз мен емес. Әрине, тұр­мысқа шығу да қыздардың басты мақсатының бiрi... Бiрақ ол – ке­йiнiрек. Алдымен 11-сыныпты бiтiру керек, егер жоғарғы оқуға түссе – 4 жыл оқу керек. Жоғары оқу орнын бiтiрген­нен кейiн кем дегенде 2 жыл жұмыс iстеу қажет. Сөйтiп жүргенде, қыз­дың жасы 25-тен асып кетедi. Көпшiлiк тiлiмен айтқанда “отырып қалған қыз” деген атқа ие болады. Яғни, қыз бала өз мақсатына мектеп бiтiргеннен кейiнгi 5-6 жыл iшiнде жетiп үлгеруi тиiс. Себебi, отбасын құрғаннан ке­йiн, ол өз ойын iске асыру мүмкiндiгiнен 70 пайызға айырылуы мүмкiн. Тұрмыс құрғаннан кейiн қыз бала отағасынан аттап мансап қуып кете алмасы анық. Отбасының тұрмыс-тiршiлiгi, бала тәрбиесi, ер азаматының жағдайын жасау, отбасының берекесiн келтiру бiрiншi орынға шығады, ал мақсаты – екiншi сатыда қалады. Алайда бұл қыз баланың жұ­мыс iстеу мүмкiндiгi ер азаматттардан кем деген ұғым емес. “Қыздың қырық жаны бар” демекшi, қазақ қыздарының отбасы мен мансапты қатар алып жүре алатынына сенiм­дiмiн. Бiрақ көптеген отбасында “келiн тек үй шаруасындағы жұмыстармен шек­телiп қалғаны жөн” деген ұғым қалыптасқан. Мысалы, отбасы дастарқан басында бiр мә­селенi тал­қыға салғанда, келiн оның дұрыс шешiмiн айт­са да, оның сөзi қабылданбайды. Ал өз қала­уын iске асырмақ бол­ған келiнге “кесiр келiн” деген ат қойылып, мысын басып тастауы әбден мүмкiн. Отбасының барлығы сондай демесек те, қазақ отбасыларының көбiсiн­де осындай жағдай болатыны анық. Сондықтан да тұрмысқа шыққанға дейiнгi уақытты тиiмдi пайдалану керек. Ал арғы жағы барған же­рiмiзге байланысты болары анық. Материалдық жағдайын жасаған, өз мақсатына қол жет­кiзген, жетiстiкке жеткен қыз баланың жеке өмiрде жолы болмаса, жұрт оған толыққанды тұлға ретiнде қарағанымен, бақытты адам ре­тiнде сүйсiне алмайтынын естен шығармайық... 
Данара Еркiн,
Алматы қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті