1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15998) 13 наурыз, жұма 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 наурыз 2015
Мың асқанға – бiр тосқан

 

Өлген соң менi көмiңдер
Украинамда, елiмде,
Қазылсын қабiрiм кең байтақ
Украинамның жерiнде.
 
Бұл – “ұлы кобзарь” атанған Украинаның ұлы ақыны Тарас Григорьевич Шевченконың өлеңi. Ол XVIII ғасырда патша үкiметiнiң қудалауына ұшырап қазақ жерiне жер аударылады. Осында айдауда жүрiп елiн, жұртын сағынғанда айтқаны екен. Бiз бұл өлеңдi бала кезiмiзде мектепте оқып жүргенде жаттап өстiк.
Кейiннен орыс жазушысы атанған Н.В. Гогольдiң “Тарас Бульба” пове­сiнен украиндардың поляктардан елiн қорғап соғысқан Тарас Бульбаның бiр қыз үшiн отанын сатқан кiшi ұлы Андрийдi “өзiм таптырдым, өзiм өлтi­рем”, – деп атып тастағанын да оқыдық. Осыдан да бiз отансүйгiштiк, патриоттық тәрбиенi жастай бойымыз­ға сiңiрдiк.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде Қасым Қайсенов Украина жерiнде партизан отрядында немiс фашис­терiне қарсы соғысты. Украиндар Қасымды бөлектемей, қара демей хан көтердi. Қасымды отряд командирi етiп тағайындады. Әрине, Қасымның өзiнiң жеке басының ерлiгi, батылдығы арқасында көзге де түскен шығар. Әйткенмен украиндар адамды танып, әдiлдiктi сүйетiн халық екенiн көрсеттi. Бейбiт кезеңде де Қасым Украинаға көзi тiрiсiнде қанды көйлек достарына барып, араласып тұрды.
Өткен жылдан бастап Украина мен Ресей соғысып жатыр. Бұл не соғыс екенiн елдiң көпшiлiгi бiлмейдi. Өткенде өзiм құралпас бiр ақсақал: “Осы екеуiне не жетпейдi екен?” – деп қолын жайып қарап тұр. Оларды да сөгуге болмайды. Себебi бiздегi мемлекеттiк басылымдар Ресейдiң жазғандарын көшiрiп басады. Ресей болса бәрiн бұрмалап жазады. Ал бiздiң адамдар кешегi кеңестiк идеологияның үгiт-насихатын бойларына сiңiрiп, уланып өскендер. Оның ай­туына имандай ұйып, құдайдай сенедi. Бiрлi-жарым оппозициялық басылымдарды оқымайды, басқа елдердiң ақпараттарынан мүлде бейхабар. Көретiндерi – орыс телеарналары, оқитындары – орыстiлдi басылымдар. Ал бiзде – Қазақстанда жиырма жылдан асты ұлттық идеология жасалын­ған жоқ. Қазақ тiлiндегi басылымдардың сиқы анадай болса расында халық кiмге сенедi. Шын мәнiнде Украинаға қарсы соғысты Ресей бастады. Себебi Ресейдiң мақсаты бұрынғы Одақты қайта құру. Сол үшiн де Еуразиялық одақты ойлап тауып, ол одаққа Беларуссия мен Қазақстанды қосып алды. Одан бұрын бұл үшеуi кедендiк одаққа кiрген. Ал Украина болса ол одақтың екеуiнен де бас тарт­ты. Оған қосылғысы келiп жанталасқан бұрынғы президенттерi Яну­ковичтi орнынан жұлып түстi. Ол болса бұрын Ресейдiң қойған адамы едi, қашып Ресейдi паналады. Украина болса өз тәуелсiздiгiн толық сақтап қалды. Ресейдiң уысынан шығып, азаттық алды. Бұл Ресейдiң қанын қайнатты, зығырданын тасытты. Дереу Украинаға соғыс ашып Қырымды басып алды. Донецкiнi Ресей сепара­тис­терiнiң көмегiмен алып, оны жеке мемлекет деп жариялады. Бұл Ресей тарапынан жасалған әдiлетсiз, бас­қыншылық соғыс едi. Өткен жылы қо­лыма орыс тiлдi бiр газет түстi. Сонда Украина мен Ресейдiң жиырма жылдан астамғы ұстанымын салғастырыпты. “Украина – 22 жыл бойы соғыссыз. Ресей – 1992 –Приднестровье­дегi соғыс, 1994-1996 – Шешендермен соғыс, 1999- 2009 – Шешендермен соғыс, 2008 – Оңтүстiк Осетия мен Абхазия үшiн Грузиямен соғыс” деп жазылған. Осыдан-ақ қай елдiң агрессор екендiгi тайға таңба басылғандай көрiнiп тұрған жоқ па?!
Өткенде интернеттен сөйлеген бiр сөзiнде Мұхтар Тайжан: “Жер бетiнде 200 мемлекет болса, солардың оны ғана Ресейдi жақтайды. Олар – Ливия, Ирак сияқты Америкадан теперiш көрген елдер. Қалған 190 мемлекет Ресейдiң басқыншылық соғысын айып­тайды. Бүкiл Батыс Еуропа, тiптi кешегi Ресеймен дос боп жүрген Қытай да оған қарсы шығып отыр”, – дедi. Демек Ресейдiң империялық пиғылдан арылмаған, соғысқұмар ел екендiгiн бүкiл әлем көрiп, бiлiп отыр. Ал Украина болса өз отанын, өз хал­қын Ресей басқыншыларынан қорғау үшiн соғысып жатыр. Ресей тықпалаған одаққа кiргiсi келмейдi. Бұрынғы одақтан жүректерi әбден шайлыққан, көңiлдерi қалған. Ресейдiң ақпарат құралдары таратқандай тiл үшiн соғысса, Қырымды неге басып алды, До­нецкiнi неге бөлiп алып, жеке мемлекет ретiнде мойындады. Бәрiн тiлге жауып отырғаны бүкiл әлем алдында өзiнiң қылмысын ақтау үшiн ойлап тап­қан сылтауы. Ал Қырым мен Донецкiнiң Украинаның жерi мен қаласы екенiне ешкiмнiң де таласы жоқ. Ал Ресей қит етсе тiлдi көлденең тартуды әдетке айналдырып алған. Тiлдi адамзатқа Ресей емес құдай берген. Барлық халықтардың өз ана тiлдерi бар. Қай тiлде, кiм қалай сөйлеймiн де­се – өз ерiктерi. «Тiлдердi реттеп отыр!» деп Ресейге ешкiм де тапсырма берген жоқ. Ресейдiң көршi елдерге тiлдi сылтауратып, оны саясатқа айналдырып орыс тiлiн тықпалауы – барып тұрған арсыздық әрi арандату. “Говори по рускийдiң” дәуренi Кеңес одағымен бiрге келмеске кеткен. Ендi тарих дөңгелегiн керi айналдыра алмайсың.
Ал Шешенстанға қарсы соғысын бiз Ресейдiң мемлекеттiк тұтастығын сақтау үшiн соғысып жатырмыз деп ақталды. Сонда қалай Грузия, Молдова, Украина мемлекеттерi өздерiнiң мемлекеттiк тұтастығын сақтамауы керек пе? Елдiң бәрiн өзiндей ойлау керек қой, мұнысы астамшылық, өркө­кiректiк.
Өткенде көшеде 3-4 азамат сөй­лесiп тұрып бiреуi: “Ой, қойшы, сол бандерашыларыңды!” – деп қолын сiлтеп, әлгiлерден бөлiнiп шыға бердi. Әңгiме украиндар туралы екенiн ұқтым. Шындығында Бандераны көп адамдар бiле бермейдi. Степан Андреевич Бандера 1909 жылы туған. Украинаның саяси қайраткерi, әрi Украи­наның ұлттық теоретигi болған.         Украин әскери ұйымының мүшесi, әрi украин ұлтының ұйымдастырушысы. Украинаның толық тәуелсiздiгi, ана тiлi үшiн күрескен ұлт қайраткерi. Осы жолда көрмеген азабы мен мехнаты болмаған. Түрмеге де түстi, ату жазасына да кесiлдi. Сонда да алған бетiнен қайтпады. Қуғын - сүргiннен көз ашпаған ол эмиграцияға – Германия Федеративтi Республикасына (ГФР) кетедi. Ақыры соңына түскен КГБ оның көзiн жойды. 1959 жылы Мюнхен қаласында КГБ-нiң жансызы Богдан Сташинский деген бiреу оны атып өлтiрдi. Сөйтiп есiл ер небәрi 50 жасында мерт болды. Бандера Украинаның нағыз патриоты, адал ұлы. Украина ұлтының бетке ұстар тұлғасы.
Украина халқы өз Отанын қорғау жолында жұдырықтай жұмылып, елдiгiн танытып, 50 миллион халқымен 130 миллионнан астам халқы бар Ресейден қаймықпай арыстанша алысып, айқасып жатыр.
“Мың асқанға – бiр тосқан” дегендей Ресейдiң танауы тасқа тиюге тақап қалды. Оған Америка бастаған Батыс елдерi санкциядан санкция салуда, сол себептi Ресейдiң экономикасы шатқаяқтап, рублi құнсызданды. НАТО күштерi Украина әскерiне көмек көрсетiп жатыр. Украина туралы шындықты жазу себебiм – менiң қандастарым Украина туралы қате түсiнiкте болмасын, адаспасын деген ой. Дәл украиндардың қазақ халқына зияны да, залалы да тие қойған жоқ. Ал өзiңе жамандық жасамаған адамды сыртынан ғайбаттау адамгершiлiкке де, мәдениеттiлiкке де жатпайды.
 
Ратбек Арынұлы,
зейнеткер.
Көкпектi ауданы,
Шығыс Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті