1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (15996) 5 наурыз, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
5 наурыз 2015
Ауғанстанға ойнау үшiн барған жоқпыз

Ел арасында жаңсақ пiкiр, қаңқу сөздер жүр: “Ауған соғысы ардагерлерiн Ұлы Отан соғысы ардагерлерiмен теңестiруге бола ма?”, “Неге оларға жеңiл­дiктер қарастырылған?”, “Жап-жас болып алып өздерiн батыр ағалармен теңестiргiсi келетiнi қалай?..” деген сияқты қаңқу сөздер мен жаңсақ пiкiрлердi бiз де естiп жатамыз.

Иә, бiз Екiншi дүниежүзiлiк соғысқа қатысқан ардагерлер­дiң ерлiктерiн қайталай алмаймыз. Мұндай сұрапыл соғыс болмай-ақ қойсын ендi. Бiрақ бiз де әскери парызымызды атқардық. Ауғанстанға ойнау үшiн барды дейсiз бе? Таң қылаң бере конанада жаңғырығынан оянамыз. Биiк тау бөктерiндегi қыстақтардан, үңгiрлерден төмендегi батальонға минометтен, жуан калибрлi пулеметтен жауған оқ кешкi қараңғылықта ғана тоқтайды. Есеңгiреп-ақ қаласың. Түн­де тыныштық орнайды. Себебi оқтың iзiмен өз бекiнiстерiн әшкерелеп алмас үшiн. Алайда түнде таудың үстiнен Пәкiстан жақтан екi, кейде төрт жарық жылтылдап келе жатқанын көруге болады. “Қару-жарақ, оқ-дәрi жеткiзiп жатқан екен ғой. Таңертеңнен бастап тағы да мысық-тышқан ойнайды екенбiз..” деп қоясың iшiңнен. Батальондағы әр нүктенi: штабты, артвзводты, жанармай, оқ-дәрi қоймаларын, әр ротаның мекенжайын, позиция­да тұрған бронемашиналарды көздеп атады олар. Әсiресе, тiкұшақ қонатын алаңға тыныштық жоқ. Оқты қарша боратады. Екi-үш мәрте ұшаққа оқ тиiп, жарылып кеткенiн де көрдiк.
Күн қылаң бере дұшпанға қарай бiздiң зеңбiректер, зе­ниттiк құрылымдар, әуеде ұшқан “МиГ” ұшақтары мен тiкұшақтар снарядтарын жаудырғанда, оған пулеметтердiң үнi қосылғанда тау iшi жаңғырып кетушi едi. Ал елiмiзден қару-жарақ, оқ-дәрi, азық-түлiк тиеген колонналар келгенде “қызықтың көкесi” бас­талады. Бiз оларды брономашиналармен қарсы аламыз. Өйткенi жау жартастарды динамитпен жарып, жолды бөгеп тастайды. Жауған оқтың астында жолды тастан тазалаймыз деп талай боздағымыз қаза тапты.
Стратегиялық нүкте деген болады. Ол – әр әскери бөлiм­ше­нiң, әр туннельдiң, әр көпiрдiң маңындағы жота. Жау тұтқиылдан шабуыл жасаған кезде осы жотадан төменге оқ жаудырып, дұшпанның бетiн қайтарамыз. Бiздiң батальонның үстiндегi жотаға үш сағат көтерiлетiнбiз. Онда жетi пост – жертөле бар. Әр постыға үш сарбаз бен бiр сержант қарауыл болады. Бұларды алмастыру үшiн төменнен оқ-дәрi, азық-түлiк, су, отын арқалап, пулеметтен жауған оққа қарамастан, түнде көмiп кеткен жердегi миналарға қарамастан көтерiлемiз. Бiр аптадай жертөледе тезек жағып, консервi жылытып жеп, ыс пен күйеден көздерiмiз ғана ағарады. Постарымызды минометпен атқылаған жау талай жiгiттерiмiздi мерт қылды. Төменге түсiп, автомоншаға жуынып, екi-үш күн демалып, содан кейiн әскери операцияға аттанамыз. Одан сау келсек жақсы, ал келмесек...
Өз салмағымыздан да артық (автомат, пулемет, оқ-дәрi және т.б.) заттарды арқалап, Алатаудай тауды бiр түнде асып кететiнбiз. Кейде жасырынып жатып, қырық градус ыстықта таңдайымыз кеуiп, төменде жылтылдап жатқан бұлаққа жете алмай, үш-төрт күндей көзiмiз жәудiреп жататынбыз. Бұйрық жете салысымен, ор текедей тас­тан тасқа секiрiп, төменде жауыннан пайда болған шалшықтағы суды құрбақасына қарамай сiмiретiнбiз. Қасындағы жан досың оқ тиiп немесе минаға жарылып қаза болғанда, өлiммен етене жақын болып кеткенiң соншалықты, әлгiнi болуға тиiстi нәрседей қабылдайтынбыз...
Ендi жасымыз алпысқа тақағанда ардагер деген атымызға қара күйе жақпаса екен, кiм болса да.
 
Доқтырбай Ботантаев,
Тараз қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті