1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (15996) 5 наурыз, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
5 наурыз 2015
Жyзге келген Бәти ана

Ақиық ақын М.Мақатаевтың “Күзетшi” деген өлеңiнде:

“...Қартың қазiр бiр бәйтерек мәуелi,
Сексен емес, жүзiңнен де дәмелi,
Сәлемiңе қайтаратын жауабы:
– Тыныштық па? – деп сұрайды әуелi” демекшi, қазiргi тыныштық орнаған заманда жүз жас жасаған Бәти Елеуова құдағидың тойында болдым. Той жақсы өттi. Жиналғандардың анаға деген қошаметi, құрметi зор болды. Алайда Бәти ұрпақтарының ауыл, аудан әкiмдiгi басшыларын алдын ала тойға шақырғанына қарамастан, олардан құрмет-қошамет болмады. Құттықтау хат та жiбермедi.
Бүгiнде тоқсаннан асқан зейнеткер ұстаз Жалғас Келдiбекова: “Бәти не көрмедi? Аштықты көрдi, қиын кезеңде ұйымдасқан колхоздың ауыр жұмысын iстедi. Қуған-сүргiн құрбандарының бiрi күйеуi Әубәкiр Нұржекеевтен 28 жасында төрт баламен жесiр қалды. Елге қайғы-қасiрет әкелген соғысты да көрдi. Күйеуi Әубәкiр ақталғаннан кейiн еңбегi жанып ауылдық, аудандық кеңестiң депутаты болып сайланды, марапатталды, медальдар алды. Бәтидiң өмiрi – жастарға өнеге, тiрi тарих”, – дедi.
Иә, адам төзгiсiз қиянаттарға қарамастан, Бәти ана балаларының болашағы үшiн өзiн-өзi жiгерлендiрiп, қайраттанды. Өзi тағдырлас адамдардан ақыл-кеңесiн аямады. Ендi мiне, қарт ана бейнетiнiң зейнетiн көрiп отыр.
Жамалбек Жақсылықов,
Райымбек ауданы,
Алматы облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті