5 наурыз 2015
Ұсынысым бар
Президентке үмiткердi сырттан емес, билiктiң өз iшiнен iздеу қажет. Бүкiл қоғамдық ұйымдар, түрлi қозғалыстар, зиялы қауым болып мына азаматтың кандидатурасын ұсынғанымыз жөн. Ол азамат – Иманғали Тасмағамбетов! Қапелiмде саяси жүйенi ретке салып, мемлекетiмiздi демократияландырып жiбермегенiмен, елiмiздiң қауiпсiздiгiн, тiл, ұлтаралық қатынас, көшi-қон, қазақтың мүшкiл жағдайын және т.б. толып жатқан өзектi мәселелердi орнымен шешедi-ау деген ой келедi. Сөзi салмақты, батыл, ұлтжанды азамат деп бiлемiз.
Барыс Кенжебаев,
Ақтау қаласы.