1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (15996) 5 наурыз, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
5 наурыз 2015
Қыздарын Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай атандырды

Менiң iнiмнiң бiрiне-бiрi тетелес үш қызы бар. Үлкенi 10-да, екiншiсi 7-де, кенжесi 5-те. Сүп-сүйкiмдi балапандарын жанындай жақсы көрсе де, қашан ұлды болам деген арманы iнiмнiң миынан күндiз-түнi шықпайды. Шешем болса, оған үнемi ұрсады: “Алланың бергенiн бiл, қолда барға қанағат ет деп”...

 Үйдегi жалғыз ер адам болғандықтан үйдегi әйел адамдардан кей-кейде жалыға ма, iнiм соңғы уақытта қыздарына қазақтың үш батырының есiмiн қоса тiркедi. Үлкенiн Қабанбай, ортаншысын Бөгенбай, кенжесiн Наурызбай деп шақыратын болды. Әуелгi кезде қалжыңмен басталған сөздiң шындыққа айналғанын аңғармай қалдық. Үш атауға қыздардың да етi үйрендi, құлаққа тым тосындау естiлетiн батырлардың атына олар да үйрендi. Әсiресе, кiшкентай сiңлiм тақылдап тұр, апайларының атын жаттап алған.
Қалжыңмен басталған iстiң дәл осылай шындыққа айналатынын кiм бiлген? Мектептегi сыныптастарының құлағына да Қабанбай есiмi жетiп, үлкен сiңлiмдi Қабанбай деп атайды. Мен олардың шын есiмдерiн көрсетуге ыңғайсызданып отырмын. Келiнiм әуелгiде мұндай қалжыңға жатып келiп ашуланды. Күйеуi күндiз-түнi қақылдап отырғасын, ол да қыздарының әп-әдемi есiмдерiн ұмыта бастады. Шешем тағы сөйледi, “батыр сендерге мазақ па?”. Қоятын iнiм жоқ. Бiр жағынан қыз туа бересiң деп келiншегiне   қыр көрсетiп жүргендей. Сөздiң басын Қабанбайдан бастай бергенде орнынан тұрып кететiндi шығарған жетi қыздың анасы менiң шешем келiнiнiң жағдайын жақсы түсiнедi. Iнiмнiң өрекпiген көңiлi басылар емес.
Келiнiмiз 4-сәбиiне жүктi. Бұйырса, жаз шыға босанбақшы. УЗИ-ға барып тексерiлген екен, тағы да қыз деп айтыпты. Осы сырын ендi iнiме айта алмай жүр. Мен iшiмнен мырс-мырс күлемiн: келесi қызды қай батырға жапсырасың деп...
 
Сандуғаш Мырзағалиева,
колледж студентi,
Ақтөбе қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті