1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (15996) 5 наурыз, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
5 наурыз 2015
Үшiншi әйелi ақылды болып шықты

“Еркек – бас, әйел – мойын” деген сөз рас. Ерлi-зайыптылардың тату-тәттi өмiр сүруi әйел адамға байланысты. 8 наурыз халықаралық әйелдер күнi қарсаңында мына бiр оқиға есiме түсiп отыр.

Менiң бiр алыс жамағайыным 40 жасқа дейiн үш рет үйлендi. Өзi бiр шаңырақтың жалғыз ұлы. Алғаш келiн түсiргенде әке-шешесi қатты қобалжып едi. Өйткенi ұлы Самат қызба, шатақ мiнездi. Бiрiншi әйелi тым жас болғандықтан, Саматтың болмашы нәрсеге ашуланып, тоқпағына көне алмай, бiр жылға жетпей төркiнiне кетiп қалды. Жалғыз баланың бетiне қарап отырған ата-анасы жұрттың өсегiне қалмайық деп, ұлдарын сол жылы 4 жасар қызы бар жесiр әйелге екiн­шi рет үйлендiрдi. Өткеннен сабақ алған шығар деген Саматымыз баяғы әдетiн тас­тай алмай, қит етсе әйелiне қол жұмсауын доғармады. Жамал бiрiншi әйелi секiлдi жас емес, ақылы кiрген келiншек, отбасылық кикiлжiңдердi жеңе бiлiп, бақытты болып кететiнiне бәрiмiз сенiмдi болған едiк. Көп ұзамай Жамал өмiрге Елнұр атты сәбидi дүниеге әкелдi. Әке атанған Саматтың қуанышында шек болмай, шаңырақтарына береке кiре бастады. Ұлына айналып-толғанған отағасы бұрынғыдай шатақ мiнезiнен арылайын дедi. Бiрақ бақытты отбасылық ғұмыры ұзаққа созылмады. Жамалдың екi баласын арқалап, кетiп қалғанын қамкөңiл енесi Шолпаннан естiдiм. Сөйтсек, екiншi келiнiнiң мiнезi Саматтан да асып түседi екен. Осы оқиғадан кейiн Самат бiраз жыл есеңгiреп жүрiп қалды. Жалғызының болашағын ойлаған әке-шешесi ұлына ақылдарын айтып, үшiншi рет келiншек әпердi. Жиырмадан ендi асқан Ажар Саматтың өмiрiн тү­бегейлi өзгерттi. Артық сөзi жоқ, үлкенге құрметiн аямайтын жас келiн күйеуiнiң қиын мiнезiн ақылдылығымен, сабырлығымен түзетiп, тәрбие­лей бiлдi. Әрине, Саматтың бiрнеше рет отау құрып, шаңырағының шайқалғанына ешкiмдi кiнәлағым кел­мейдi. Дегенмен, еркектiң кем-кетiгiн жасырып, абыройын асыратын әйел емес пе? Еркек те бала тәрiздi, оны төбеңе көтерiп, әрдайым мақтап, жағдайын жасап отырсаң, ол да сенi сыйлайтын болады. Дауыс көтерiп айғайлағанға әйел де қосылып бажылдаса, бұл еркектiң шамына тиедi. Осылайша қол жұм­сауға әйелдердiң өздерi итермелеп жатады. Айтайын дегенiм, жақсы әйел ақымақ еркектi ақылды етедi.
Ақбота Сманова,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті