1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №6 (15984) 22 қаңтар, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
22 қаңтар 2015
Әкемнiң жерленген орнын iздеп таптық

Екiншi дүниежүзiлiк соғыста хабарсыз кеткен әкемнiң жерленген жерiн iздеп таптым. Араға 71 жыл салып. Әкем Қағазбай Анқауов 1902 жылы Томар ауылы Қарқаралы ауданы Қарағанды облысында туған. 1943 жылы мамыр айында Қарқаралы аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. Сол жылы тамыз айының үшiнде “хабарсыз кеттi” деген “қара қағаз” келген.

Көп жылға созылған iздеу ешқандай нәтиже бермедi. Кейiнгi iздестiру нәтижесiнде әкемiздiң 89-гвардиялық атқыштар полкiнiң жауынгерлерi қатарында Белгород облысының аумағында майданда болғаны анықталған. 2014 жылдың маусым айында Белгород облысының губернаторы Е.С.Савченко, Белгород қаласының мэрi С.А.Баженов мырзаларға        89-гвардиялық атқыштар полкiнiң 1943 жылы тамыздың 3-16 аралығында қаза тапқан белгiлi-белгiсiз солдаттар мәйiтi жерленген Бауырластар зиратының ескерткiш тақтасына әкемiздiң атын мәңгiлiк жазуға рұқсат сұрап хат жолдадық. Белгород облысы губернаторының пәрменiмен, Яковлев аудандық әкiмшiлiгiнiң шешiмiмен әкемiздiң аты “Смородино” Бауырластар зиратының мәңгiлiк ескерткiш тақтасына жазылды.
Өткен жылдың қазан айының 6-10 аралығында немерем Олжаспен бiрге үлкен аталарымыз жатқан Томардағы атамекенi “Қызылтас” баурайындағы зиратынан, Қарағайлыда жатқан шешемiздiң зиратынан топырақ алып, сонау “Бауырластар” зиратына барып, топырақты сеуiп, Құран оқып, тағзым етiп қайттық. Ал “Смородино” Бауырластар зиратынан алған топырақты аталар мен шешемiздiң зиратына сеуiп, Құран бағыштап, ас бердiк.
 
Мейiрқайыр Қағазбайұлы,
тыл ардагерi, дербес зейнеткер, Қарағанды. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті