1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №6 (15984) 22 қаңтар, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
22 қаңтар 2015
Менiң бiр сағаттық өмiрiмнiң құны – 3 теңге 96 тиын

Адамды ажалдан арашалауға атсалысып, аузына су тамызатын жансақтау бө­лiмiндегi жанкештi санитарлардың немесе ел тыныштығы үшiн желдiң өтiнде жүретiн сержанттық құрамның қай-қайсысы болса да қосымша марапат пен үстеме еңбекақыға, жоғары айлық жалақыға лайық тұлғалар. Нарықтық қатынастар жағдайында адамның әрбiр еңбегiнiң адал бағаланғаны абзал. Мәселе – айлықтың жоғары болғанында емес, шенеунiк пен қарапайым жұмысшы еңбекақысының айырмасында. Атырау мен Ақтаудағы орташа жалақы мөлшерiнiң неге жоғары болатыны түсiнiктi. Мұнайшылардың жоғары жалақысы орташа жалақы көлемiн көтерiп тұр. Астанадағы 182 мың теңгелiк орташа жалақы мөлшерi де түсiнiктi. Ұлттық компаниялардағы топ менеджерлер жалақысының көлемi 1 миллионға жуық. Бiр қызығы, атаулы көмек, әлеу­меттiк жалақы алатындардың басым бөлiгi де осы мұнайлы өлкеде тұрады екен. Бiрақ жоғары жалақы алатын Атырау мен Ақтауда киiм-кешек, азық-түлiк өнiм­дерiнiң басқа өңiрлерге қарағанда қымбаттығы байқалады. Бұл қымбатшылықтың әсерi жоғары жалақы алатындар мен төменгi жалақы алатын азаматтарға екi түрлi әсер ететiнi анық. Негiзi, дүниежүзiлiк қалыптасқан ахуал бойынша жоғары жалақы мен елдегi тө­менгi жалақының арасындағы алшақтық үш-төрт па­йыздан аспауы тиiс. Бұл – дамыған және дамушы елдер экономикасындағы қа­лыптас­қан заңдылық. Алайда, бiздегi бұл меже 32 пайыздан асып кеткен көрiнедi.

Маған “Қазiргi қоғамда адамның құны қанша екен?” деген қызық бiр ой келдi. Содан кейiн арғы-бергi мәлiметтердi тексерiп көр­дiм. Өйткенi Ата Заңымыздың өзiнде осы мәселеге “адам – мемлекетiмiздiң ең басты және негiзгi капиталы” деп үстiрт болсын жазылыпты. “Үстiрт” дейтiн се­бебiм, әлгi маңызды капиталды бағалау тетiктерi қарастырылмаған. Бұрын қандай болып едi? Қасым ханның жарғысында “Ер адамның құны – 100 түйеге тең” делiнген екен. Қазiргi баға бойынша бiр түйенiң құны шамамен 500 мың теңге. Яғни, орташа есеппен бiр кiсiнiң құны 50 миллион теңге тұрған. Ал Есiм ханның тұсында ер адамның құны жас-кәрiсiне, бай-кедей­лiгiне қарамастан “100 жыл­қы” деп белгiленiптi. Ол да әлгiндей шама. Әйел адамның құны ердiң құнының жартысына теңестiрiлген. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 1760 жылдары Вавилонда билiк құрған Хамураппидiң заңы да осыған ұқсас. Дәулеттi адамның өмiрi үшiн қылмыскер өлiм жазасына кесiлген. Ал орта деңгейдегi кiсi үшiн құн төлеген. Орта ғасырда Ұлыбританияда дәулеттi кiсiнiң құны – 1,5 мың, шаруаның құны – 100, батырақтың құны 40-60 шиллингтен аспаған. Исламда кiсi өлтiрудi “қасақана және абайсызда” деп екiге бөлiп қарастырыпты. “Абайсызда” өлтiрген кiсiнiң құны 31 келi күмiске тең болған. Ал қазiргi кiсiнiң құны қанша тұрады?
Менiң қолыма алатын айлық жалақым – 181 500 теңге делiк. Яғни, бұл – менiң бiр айда, яғни 22 күн бойы 8 сағаттан iстеген жұмысыма төленген қаржы. Бос уақытымдағы табысым да осының iшiне кiредi. Сондықтан, алдымен менiң бiр сағаттық құнымды шығарайық. Ол үшiн 22 күндi 8 сағатқа көбейтемiз.Одан 176 сағат шығады. Бұл – бiр айдағы жұмыс сағатым. Ендi бос күндерiмдi қосайық. Бiр айда 30 күн бар. Оны 24 сағатқа көбейтейiк – 720 сағат. 720 сағатты ендi айлық табысыма, 181 500 теңгеге бөлейiк. Сонда менiң бiр сағаттық өмiрiмнiң құны 3 теңге 96 тиын болып шығады екен... 
 
Дана Сәдуақасова,
Көксу ауданы,
Алматы облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті