1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (15982) 15 қаңтар, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
15 қаңтар 2015
Мұндай әкенiң барынан жоғы

...Құрбыларымның әкесiне қызығамын. Әкелерi телефон шалып, жағдайларын бiлiп тұрады. Қызығы мол студент кездерiнде де солай бола-тұғын. Бiр бөлмеде төрт қыз жаттық. Менен бас­қа үш қыздың әкесi қазiрге дейiн қатынаған ауылдастарынан немесе пойыздағы жолсерiктер­ден анау-мынаусын жiбередi. Ал менiкi...

Менiң әкем төрт балалы ана болсам да жер-жебiрiме жете боқтап, басына түскен бар қиыншылықты менен көредi. Ұялы телефон деген пәле болды басыма. Кейде әйелi (үшiншi) кетiп қалса, оны да менен көредi. Iшкiш адамға қандай әйел тұрақтайды?! “Менiң мазамды алма, аяғым ауыр...” десем, “Сен не, қоянсың ба?” деп шүйлiгедi. Жағдайымыз келiп тұрса, денсаулығым жақсы болса неге бала тумасқа?
Мұндай әкенiң барынан жоғы...
С.Рахымқызы,
Семей қаласы,
Шығыс Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті