1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (15982) 15 қаңтар, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
15 қаңтар 2015
Әрненi сылтауратып сыртта жүрмiн...

...Бiр шаруамен көршiмнiң үйiне барғанмын. Бiрер күн бұрын ғана көңiл-күйi болмай, тұнжырап жүрген көршi келiншек бұл жолы жайдары қарсы алды. Оны-мұны сөз етiп, келген шаруамды айтып, кетпекке бұрылғанымда ол: “Мамам келдi үйге. Екi аптадай бiздiң үйде болады ендi. Қалай мамам келдi, солай үйдiң iшi де жылып, береке кiргендей, жақсы болып қалды”,– деп қуанышымен бөлiстi. Оның шешесi таяуда ғана келiп кеткенiн бiлсем де, анасы жақын тұратын болған соң жиi келетiнiне бас ауыртқым келмеген. Үйге қайтар жолда алдымнан оның күйеуi жолығып қалды. Жағдай сұрасып, амандасқанымда: “Ой, несiн сұрайсың, әрең шығарып салған енемiз бүгiн тағы қонақтап келiптi. Аязы бет қарыса да, үйiмiздiң iшiнен дала жылы сияқты, әрненi сылтау­ратып сыртта жүрмiн”, – деп жымиды.

Мәнсия Айдарбекова,
Астана.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті