1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (15982) 15 қаңтар, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
15 қаңтар 2015
Шаң жұтып, батпақ кешiп

Бiз, Қазалы қаласындағы Әнес Нарымбетов (бұрынғы Бос­тандық) көшесiнiң тұрғындары талай жылдан берi жол азабын тартумен келемiз. Мұнда бар-жоғы жиырма шақты отбасы түтiн түтетiп отыр.

Шынымызды айтсақ, көшенiң соңғы рет қашан жөнделгенi есiмiзде жоқ. Шамалап отырсақ, ширек ғасыр болып қалды-ау. Онсыз да экологиялық қолайсыз аймақта тұратын ағайынға обал. Жел тұрып, тұзды шаңы аспанға қоса көтерiлгенде аузы-мұрныңды тұмшалайсың кеп. Оған да адамның етi үйренедi екен. Ал жауын-шашын түскенде жағдай тiптi қиындайды. Топырағы иле­нiп, аяғыңды алып жүру мүмкiн болмай қалады. Бiр қыста екi-үш аяқ-киiм тоздыруға тура келедi. Жаңбырлы күндерi резеңке етiк киiп жүрмеске лажымыз жоқ. Жолдың сын көтермейтiн жағдайы үшiн көлiк жүргiзушiлерi де күйiп-пiседi. Кедiр-бұдыр екенi – бер жағы ғана, жауын түскенде тiзеден келетiн балшығын ешқандай көлiктiң кешiп өтуге зауқы соқпасы анық. Таксистер алыстан түсiрiп кетедi, я болмаса, көшемiздiң атын айтқаннан “жоқ, бара алмаймыз” деп, ат-тондарын ала қашады. Қазақ “жол азабын жүрген бiлер” дейдi. Қаланың шет жағында орналасқан осы Нарымбетов және оған көршiлес Төлепбергенов (бұрынғы Беляев), Абай, Жамбыл көшелерi тұрғындарының орталыққа ойдым-ойдым жолмен қатынап жүргенiн көрiп, әлгi мақалдың төркiнiн түсiнгендей боласың.
Жыл сайын аймақ, аудан басшылығы талай көшенiң атын атап, түсiн түстеп, олардың жөнделетiнiн айтып, мәлiмдеме жасап қояды. Алайда бұл жаңалықтың бiзге қатысы болмай тұрғаны қынжылтады. Өйткенi Қазалының “қала” деген мәрте­бесi әлi күнге дейiн жойылмай келедi. Әкiм айтқан миллиард теңгенiң бiзге шарапаты тие қоймайтын сияқты. Дегенмен, аудандық және қалалық атқарушы билiк органдарының, мәслихат депутаттарының халықтың жанайқайына құлақ түрiп, талабын орындауына болады ғой. Бiз жаққа да мойын бұрып, тiлегi­мiзбен санасатын кiм бар екен?!
Тұрғындар атынан
 Назерке Саниязова,
 Қазалы қаласы.
 Қызылорда облысы.
Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті