1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (15982) 15 қаңтар, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
15 қаңтар 2015
Шындықтың ауылы тым алыста екенiне көзiм әбден жеттi
Қайрат Умаров,
Шымкент қаласы.
 
Сандалып жүргенiме 4 жыл 9 ай болды. Менiң конституциялық құқығым да өрескел бұзылды. Оның себебi мынандай:
2010 жылдың 27 қаңтар айын­да Оңтүстiк Қазақстан облысының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қызметкерлерi “пара алды” деп, ҚР Қылмыстық кодексiнiң 311-бабын пайдаланып, қамаққа алмақшы болып қызмет орнымнан алып кеттi. Сол күнi ҰҚК-нiң тергеушiсi менi ешқайда кетпеу жөнiндегi құжатқа қолымды қойдырып, “жұмысыңызға бара берiңiз” деп босатып жiбердi.
Кейiн мәлiм болғанындай, орынбасарым менiң каби­нетiмнен шығып кеткенiмдi пайдаланып, қағазға оралған 30 мың теңгенi үстелдiң үстiне көрiнер-көрiнбес етiп қойып қойған екен. Кабинетiм әрдайым ашық тұратын, се­бебi көршi бөлмеде хатшы қыз отыратын. ҰҚК-нiң қыз­меткерлерi менiң қолыма жарық түсiрiп, алақандарымды ақша алған-алмағанымды бiлу үшiн тексердi. Бiрақ менiң қолым ешқандай ақша оралған қағазға тимеген.
Өздерiнiң қасақана жасаған iс-әрекеттерiнен еш нәрсе шықпаған соң, маған     1 аптадан соң заңсыз, негiзсiз, дәлелсiз қылмыстық iс қозғап, iстi ОҚО қаржы полициясына жолдай салады. 311-бапты пайдалана алмай, ақыры 307-баптың 1-бөлiмi­мен “лауазымдық қызметiн асыра пайдаланды” деген жалған, негiзсiз айып тағады. Бұл айыпты iстi ОҚО Қаржы полициясы сағызша 2 жыл уақытқа созды. Осы 2 жыл iшiнде тергеу амалдары дұрыс жүргiзiл­медi. Тек бiр ғана бағытта жүргiзiлдi, әйтеуiр, маған айып тағып, қамау керек болды. Мектеп мұғалiмдерiн бiр бөлмеге жинап, қорқытып, маған қарсы әдейi түсiнiк­темелер жинапты. Тергеу амалдары дұрыс жүргiзiл­мегендiктен осы 2 жыл iшiнде негiзсiз, заңсыз iс ОҚО прокуратурасында 5 рет, аудандық соттан 2 рет керi қайтарылды.
Қаржы полициясы ақыры ештеңе таппаған соң ҚР Қылмыстық кодексiнiң 37-бабы, 1-тармағының 2-бөлiмi бойынша
Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті