1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (15980) 8 қаңтар, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
8 қаңтар 2015
Келiн мен күйеу төрге шықпас

Келiн болып түскен күнi жадымда жақсы сақталған бiр ескертудi соңғы кездерi жиi еске аламын. Енем кез келген нәрсеге мән беретiн, салт-дәстүр, ғұрыпты мықты бiлетiн кiсi. Алғашқы күнi-ақ дастарқан жинамақ болып төргi жақтағы ыдыстарға беттегенiм сол едi: “Қазақтың келiнi төрдi аяқпен баспайды. Себебi, әр үйдегi төрде сол елдiң үлкен адамдарының өзi немесе тiптi аруақтары отырғандай сезi­нiп, құрметте. Келiн мен күйеубаланың төрге аяқ басуы дұрыс емес”, – деп ескерттi. Сол сәттен бастап төрге жоламайтын болдым. Енемнiң бұл айтқанын жиi еске алуыма да себеп бар. Өзiмнiң үйiмде кейiнгi жылдары мұндай дүниелерге мән берiлуден қалған-ды. Содан болса керек, үлкен екi жездем үйге келгенде ата-анам “пайғамбар да күйеубаласын сыйлаған. Сендер де бiздiң бiр баламызсыңдар” деп бiрден төрге шығаратын. Ал жалғыз ағамның әйелi яғни жеңгеме төрiң де, көрiң де бәрiбiр едi. Ә дегеннен “қызымдай көремiн” деген шешемнiң сөзi әсер еттi ме, жеңгем өзiн еркiн ұстап, тiптi кейде енесiнен жоғары отыратын. Қала бердi сол жоғарыда отырған келiнiне шешем шай құйып беретiн де. Төрiмiзге шыққан сол күйеубалалар мен келiннiң қазiргi қылықтарына қарап кейде ойланамын. Жезделерiм бiздiң ата-анамызды сыйламайтыны сондай, олардың көзiнше әйелдерiн балағаттап, бiздiң үйде өздерiн өте дөрекi ұстауға ұялмайды. Үлкен жездем әпкемдi төркiнiне ақша әкелуге жұмсап өзi үйiнде шалжиып жатады. Ал келiн болып түскенiне ондаған

Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті