1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (15980) 8 қаңтар, бейсенбі 2015
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
8 қаңтар 2015
Жұмысшыларды қолдайтын жан жоқ

Кеңес одағы кезiнде құрылыс бастардан бұрын сол салынатын нысанға смета жүргiзiлетiн. Ол сметада құрылысқа кететiн материал­дар, жұмыс күшi, жердiң қаттылығы (қазған кезде), жұмыс iстейтiн адамдардың демалысы, 8 сағаттық жұмыс және т.б. есептелiнетiн. Осыған байланысты қаржы бөлiнетiн. Бұл салынатын құрылысты бiр трест қолға алып, оны бiр ПМК-ға жүктейтiн. Құрылыс бiткен соң комиссия келiп мұқият тексерiп, сол берiлген нормамен iстелiндi ме, материалдары сметада көрсетiлгенге сай ма, осының бәрiн анықтап, қабылдаушы едi.

Ал қазiр ше? Құрылысқа ақша бөлiнедi. Ол ақшаның құрылысқа қаншасы жетедi? Жол жөнекей неше тышқан кемiрiп қояды? Жеткен жағдайда құрылыс басқармаларының ПМК-лары жоқ. Делдалдарды табады немесе өздерi келедi. Ал делдалдар ойдан, қырдан келген жұмысшыларды жалдайды. Жұмысшылар сегiз емес, он-он екi сағат жұмыс iстейдi. Демалыс жоқ, ал дем алсаң ала бер, бiрақ ақшаң күрт азаяды. Сонымен жұмыс басталады. Цементтiң мөлшерi (жұмсайтын) 3 тонна болса – 2 тонна, төмен сападағы материалдардан алынады. Жұмысшыларға ақшасын iстеген көлемiне емес, шаршы метрiне төлейдi. Бұл жақтан да делдалдар жымқырады. Жұмыс iстелiнедi. Бiрақ уақытында құрылысшылар ақшасын ала алмайды. Бiрiншiден, делдалдар өздерi тоюы керек. Жұмысшы бейшаралар жылап-сықтап күн көредi. Еңбекақысын күтедi. Ала алмаса, митингiге шығады. Бiрақ оларды қолдайтын кiм бар? Сот па? Сот ол iстi айлап, жылдап қарайды. Ал жұмысшының бала-шағасы аш отыр. Кеңес одағы кезiнде ауырып қалсаң, бюллетень беретiн, оған ақша төленетiн. Ал қазiр ауырып қалсаң, ақша тап та, емделе бер. Яғни, өлсең өле бер.
Ендi құрылыс бiттi делiк. Комиссия келедi. Комиссия тексередi. Комиссияның көзi жұмулы, қалтасы ашық. Қалтаны толтырады. Комиссия кеткен соң құрылыс қыңырайып, сыңырайып шыға келедi. Бiр жерi шөккен, ендi бiр жерi опырылған. Төбесiнен тамшы сорғалап, жарықтары бiрде жанып, бiрде өшiп-күйiп дегендей... Ал сонда, сол құрылыс бастықтары қайда жүрдi? Олар тек қалтасын толтырумен болды. Құрылысшыларға кiмнiң жаны ашиды? Бiрi – көк жөтел, бiрi өлiп жатыр. Тапқан ақшасы отбасын бағуға жетер-жетпес. Оларды қолдайтын кiм? Кiмнiң жаны ашиды? Сонда бiз қайда барамыз?..
Ұбайдолла Файзұллаұлы,
Алматы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті