1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103-104 (15977-78) 26 желтоқсан, жұма 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
26 желтоқсан 2014
Бейiт басындағы бейшаралар

Қаз-қалпында

Темiрланның әкесi қазақ, анасының ұлты орыс болатын. Ең бастысы – балаларының бәрiн оқытты, үй еттi. Бүгiнде әкесi марқұм мұсылмандар бейiтiнен, анасы болса қаланың екiншi жақ шы­ғаберiсiндегi орыс зиратынан жай тапқан. Ұядағы тәрбиеден болар, марқұмдардың туған, дүниеден қайт­қан күндерi перзенттерiнiң назарынан тыс қалып көрген емес. Қолдары қалт еткенде бала-шағаларын ертiп алып барып тұрады. Орыс халқының о дүниелiк болғандарға қатысты ырым-жырымдары мұ­сылман қауымынан бөлек. Айталық, мұсылманда шариғат бойынша кез келген бейiт­ке жөндеу, жаңарту, тазалау секiлдi жұмыстар жүргiзуге тыйым салынса, христиан дiнiндегiлерде керiсiнше, жыл сайын “Ата-аналарды еске алу”, яғни “Родительский день” деп аталатын күн бар. Ол күнi о дүние­лiк болған туыс-туғандарын еске алушы адамдар зират басына арнайы құрал-саймандарын ала барып, кәдiмгi сенбiлiк жүргiзедi. Қираған, бүлiнген жерлерiн жамап-жас­қап, сырлайтын жерi болса сырлап, әктеп, арам шөбiн жұлып бiр сөзбен айтқанда, жыл бойы кетеуi кете бастаған құлпытастарды ретке келтiредi. Соңынан сол жерге дастарқан жайып, көңiл қалауларынша арақ-шараптарымен қоса тамақтанып, маңындағыларға да дәм ұсынып жатады. Бiр қызығы, бейiт басына жайылған дастарқанды, ашылған арақ-шарапты жиып-терiп үйлерiне алып кетпейдi. Салт бойынша қалай тұрса, сол қалпы қала беруi тиiс...
Бiр жылы, дәл осы дәс­түрлi күнi Темiрлан iссапарда болып, елге кешiгiп жеткен. Күннiң еңкейiп қалғанына қарамастан бiрден анасының басына барды. Асығып келiп ығы-жығы орналасқан қалың бейiтке кiргенде байқамапты, шығар жолдағы ағашы сая боп өскен екi кiсiлiк үлкен бейiттiң қасында үш жiгiт отыр. Отырғанда, жай отыр­ған жоқ. Алдарына дастарқан жайып, аузы ашылған бiрнеше шишаны қаз-қатар тiзiп тастаған. Кiшiгiрiм той дерсiң, құдды. Таяп келгенде байқады, үшеуi де сақал-мұрттары бей-берекетсiз өсiп кеткен, шаштары ұйпа-тұйпа сойталдай-сойталдай қазақ жiгiт­терi. Екеуiнiң жас шамасы қырықтың о жақ, бұ жағында болса, бiрi сәл жастау кө­рiндi. Ту сырттарынан аңтарылып тұрған мұны байқар емес. Iшкiлiк салдарынан қалш-қалш етiп дiрiлдеген қолдарымен мөлтiлдете құйыл­ған стақандарын түйiстiрiп, бiр-бiрiне тiлек айтып жатқан секiлдi. Басқа басқа, дәл мұндай бейшаралықты бұрын-соңды көрмеген Темiрлан намыстан жарылып кете жаздады. Осы кезде мұны байқап қалған әлгiлердiң бiрi қалбалақтап орнынан тұра бере, “Кел, жiгiтiм! Бүгiн орыс аға­йындардың арқасында мұр­тымыз майланып жатыр. Жылда бiр жырғап қаламыз...”, – деп меймандостық танытып, дастарқанға шақырды.
Әуелде, лықсып келген ашудың арынымен үшеуiн үш қойып, алдарындағы “дастар­қандарын” төңкерiп тастамақ болған. Бiрақ ол райынан шапшаң қайтып, “Рақмет жiгiттер, ас болсын!” дедi сыр бiлдiрмей. Ту сыртынан әлдене деген сөздерге мән берместен, жалт бұрылып кете барды.
Қазақтың “Ат өлiмi – итке той” дегенi осы болар...
Серiк Құсанбаев,
Өскемен.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті