1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103-104 (15977-78) 26 желтоқсан, жұма 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
26 желтоқсан 2014
Халықтың күн көрiсi қалай екен деген әкiмдi көрмедiм

“Билiк” деген ұғымның аясына кiмдер кiредi? Оған ауыл әкiмдерiнен бастап, үкiмет мүшелерi, парламент, президентке дейiнгi барлық қандай да бiр пәр­менi бар адамдар енедi. Ал сол билiктегiлер үшiн халық абстракциялы ұғымға айналып болғанға ұқсайды. Мә­селен, қазiргi күнi ақ­шаға сатылып, өлiкке жаназа шығаратын, садақаларда дұға оқитын дiндарлардың көбi Аллаға сенбейдi, тек оның атын пайда табудың көзiне айналдырып алған. Бұл сөзiме молдалар рен­жiмей-ақ қойсын. Керек болса, үйдегi азаматы өлiп, қара жамылып отырғандардан “қанша бересiң?” деп базардағы сарттарша саудаласқандардың атын атап, түсiн түстеп бере аламын! Сол сияқты, билiктегiлер де тек билiк мiнберлерден сөйлегенде ғана “халық” деген ұғымның барын есiне алады да, мiнберден түскен бойда халықты да, оған берген уәделерiн де ұмыта салады. Халықтың күн кө­рiсi қалай екен деп ел аралап, халықпен тiкелей диалог жасайтын басшы жоқ. Ал келгендерi алдын-ала хабарлап, жергiлiктi жерде ала-шап­қын, жолдарды жалақтап, бiр нәрселердi әр­леп-сырлап әбiгерге түседi. Осындай ашық көз алдауларға халық та үйренiп болды. Осының бәрiн көрiп отырған халық билiкке қалай сенсiн?

Әлемдiк стандарт бо­йынша, кедейлiктiң төменгi дең­гейлiк көрсеткiшi бес жыл сайын қайта есептелiп тұруы керек екен. Бiзде бұдан 9 жыл бұрынғы көр­сеткiшпен тұр. Оның бер жағында азық-түлiк бағасының қанша пайызға өскенiн бiр Құдайдың өзi бiлер?!

Өз басым 23 000 теңге зейнетақы аламын. Бұл бiр байдың 1-2 сыныпта оқитын баласының апталық шығынына да жетпейдi. Оған себеп Қазақстан өз алдына отау тiккенде менiң жасым 51-де болатын. Ол кезде жұмыс жоқ. Тiптi болғанның өзiнде “қартсың” деп қабылдамайды. Оған мен кiнәлiмiн бе, әлде қазiр төменгi зейнетақы алып отырған менiң құрдастарым кiнәлi ме? Кiнәнi заманға арта бермей,

Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті