1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15975) 19 желтоқсан, жұма 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
19 желтоқсан 2014
Қылышбай ақын

Мен халық ақыны Қылышбай Ержанұлының немере келiнi боламын. Атам Шу, Мойынқұм өңiрiне ғана емес, бүкiл Жетiсуға аты шыққан шешен, ақын. Ол бұрынғы Әулиеата уезi, Аққолтық болысындағы қоралас елiнiң кедей шаруасынан шыққан. 1851-1926 жылдар арасында өмiр сүрген. Атам туралы Жамбыл ақын:

Қылышбайдан таралып,
Сөз нұсқасы келiнген.
Дос-жаранға, кемтарға
Қайырлы бол делiнген, – деп жазады.
Бұл күндерi Қылышбай ақынға көрсетiлiп жатқан құрмет те жоқ емес. Атамның есiмi Тараз қаласының және Төле би ауылының бiр көшесi мен Мойынқұм ауданында бiр ауылға берiлген. Атамның өлеңдерi Алматы қаласының “Жазушы” баспасынан “Ел аузынан” деген кiтапқа және Шу ауданы баспасынан шыққан “Шу өңiрiнiң саңлақтары” кiтабына енген. Тағы да өлеңдер кiтабы бар. Ал өзiм ақынның кiшi баласы – Керiмбердiнiң келiнiмiн. “Жастар тәрбие алсын, жыраулар термелетiп әнге қоссын, ел аузында жүрсiн” деп атамның айтқандарын сiздерге жолдап отырмын.
 
 
***
Әулиеата шаһарындағы Мырзахмет деген саудагер-дүкеншi малшы-қызметкерлерiнiң жалақыларын түгел бермейтiн қарау және өзi тәкаппар деп естидi Қылышбай ата. Мырзахмет құныс екен. Қашанда әдiлдiктi жақтап, сөзiн сөйлейтiн Қылышбай атаға көптеген адамдар келiп, Мырзахметтен өшiн алып берудi сұрайды. Сонда атамыз: “Маған Мырзахметтiң үстiндегi киiмiндей киiм, астындағы атындай ат дайындап әкелiңдер”, – дейдi. Ел жиналып, айтқандарын тауып бередi.
Бiр күнi Әулиеатаның жұма базарында Мырзахметтiң атындай ат мiнiп, киiмiндей киiм киiп Қылышбай ата (бала кезiнде жардан құлап белi бүкiр болыпты, кейiн жазылған дейдi) Мырзахметтiң қасына келiп тұрады. Мырзахмет қайда барса, бұл кiсi де соңынан қалмайды. Екеуiн көрген жұрт күлкiге қарық болады. Бұған намыстанған Мырзахмет: “Молла-ака, соңымнан қалмай қойдыңыз ғой, менде не аласыңыз бар?” – дейдi. Сонда ақын:
Уа, Мырзахмет бүкiр,
Екi бүкiрдi сыйлаған елге шүкiр,
Тойсаң тоба қыл деген,
Момындардың ақысынан құтыл, – деген екен.
Мырзахмет “молдаға” бiр-екi қараның құнын берiп құтылады және содан былай қарауындағы жарлы-жақыбайларға дұрыс қарайтын болыпты.
 
Абайкүл Қылышбаева,
Төле би ауылы,
Шу ауданы,
Жамбыл облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті