1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15975) 19 желтоқсан, жұма 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
19 желтоқсан 2014
Шыршаны кеспейiкшi!

Iле-Алатау Мемлекеттiк Ұлттық табиғи паркi Ақсай филиалының қызметкерлерi желтоқсан айы басталысымен Орман қорғау және аң шаруашылығы комитетiнiң бұйрығы бойынша iшкi бұйрық шығарып, соның негiзiнде Ақсай филиалы аумағындағы орман шыршаларын қорғау жұмыстарына қызу кiрiсiп кеттi.

Қазiргi уақытта шырша тұқымдас ағаштарды пайда табу мақсатында кесiп, табиғатқа зиян келтiрушiлер қатары артып барады. Әсiресе, жаңа жыл қарсаңында шырша кесушiлер көбейедi. Шыршаларды қорғау үшiн жасандысы шығарылғанымен, шыршаны кесушiлер саны азаяр түрi жоқ. Iле-Алатау МҰТП Ақсай филиалы шырша ағашын ерекше қорғауға алды. Ақсай филиалына қа­рас­ты орманшылықтарда, бақылау бекеттерiнде, әрбiр сайларда шлагбаумдар орнатылып, мемлекеттiк инспекторлардың қатысуымен тәулiк бойы кезекшiлiк ұйымдастырылды. Кезекшiлiк барысында парк аумағынан өтетiн көлiктер қатаң тексерiлiп, шыршалардың ұрланбауын қадағалайтын жедел топ қызу жұмыс атқаруда. Iле-Алатау МҰТП ерекше қорғалатын аумақ есебiнде болғандықтан, орманды қорғап, жұдырықтай жұмылып қызмет ету орман қызметкерлерiнiң ғана емес, барша адамзаттың борышы екенiн еске саламыз.
Бақытбек Асылбеков,
Iле-Алатау МҰТП Ақсай филиалы
Қаскелең орманшылығының орманшы көмекшiсi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті