1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15975) 19 желтоқсан, жұма 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
19 желтоқсан 2014
Бiздiң ұстаздар

Ұстаз мейiрiмi мен қамқорлығын көп көрген адамның бiрiмiн. Шалқар ауданы Қорғантұз орта мектебiнде қазақ тiлi мен әдебиетiнен сабақ берген Садық Жанасаевтың ықпалы зор болды. Ол әдебиеттiң ұңғыл-шұңғылына дейiн тереңдеп, сөз маржанын тере бiлетiн едi. Ауыл мектебiнен қанаттанған мен 1980 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультетiнде оқыдым. Алатау бөктерiн­дегi алып шаһардағы осы бiр қасиеттi шаңырақты ұстаздарынсыз елестету мүмкiн емес. Қабылдау комиссиясының төрағасы, профессор Рымғали Нұрғалиев бiздi студент атануымызбен құттықтады.

Бiрiншi курстың алғашқы сынағын халық ауыз әдебие­тiнен – “Айман-Шолпан” жырынан тапсырдым. Мектепте оқығандарымды еске түсi­рiп, ойымды жүйелеп, оқиға­ның шығу тарихы, кейiпкер­лерi туралы ақтарылдым, батыр Есет Көтiбарұлынан тараған ұрпақтары туралы елдегi қарттардан естiге­нiмдi қостым. Емтихан алушы –Сұлтанғали Садырбаев. Бiр қарасам, нар тұлғалы ұстаздың көзi жайнап, көңiлi толып тұр екен. Атақты Сүйiн­бай Аронұлының немере iнiсi Сұлтанғали Садырбаевпен сөзiмiз жарасты. Латипа Ахметова апайымыздың су бетiндегi аққудай сызылған жүрiсiн журфактың қай студентi ұмытар? Үнемi күлiп жүретiн Қа­дыр ақын әдебиет теориясынан дәрiс оқыды. Студенттермен барынша ашық-жарқын едi. Сынақ кi­тапшамызға “Қ.Мырза” деп қол қоятын.
Көп жылдар журналистика факультетiнiң деканы болған Тауман Амандосовтың күмiстелген ою-өрнекпен көмкерiлген жез таяғын тықылдата факультеттiң ұзын дәлiзiнен өтiп бара жатқаны менiң құрдастарымның есiнде болар. Сырт келбетi суық та сұсты, паң жүрiстi, келбеттi Амандосов келе жатқанда студенттер көзге түспейiн деп бос аудиторияларға сүңгiп кетер едi. Әсiресе, қыздар жағы... Амандосов қыздардың журналист болғанын аса ұнатпайтын адам.
1980 жылдардың          соңында қоғам өмiрiнде болып жатқан өзгерiстер журналистика факультетiн айналып өтпедi. Университет iшiнде жайсыз хабарлар тарап жатты. Ұстаздарымыздың сырттай сыпайы, бiрақ мұңды көз жанарларынан iштей айқас болып жатқаны сезiлiп тұратын. Қаһарлы тұлғасынан бүкiл шәкiртi қаймығатын Темiрбек Қожакеевке желтоқсанның ызғары ауыр тидi. 1937-нiң ауыр желi 1987 жылы журфаккқа қарай қайта соқты.
Осы ұстаздарымыздың тәлiмi мен тәрбиесiн көрген қазiргi қазақ журналисте­рiнiң ең жасы да отыздан асты. Қызыл жүйе қылышын сiлтеп тұрған сол заманда бiздiң ұстаздар елге жаны ашитын нағыз журналистер­дi тәрбиелей бiлдi. Желтоқсаннан кейiнгi қудалау науқаны журфактағы ұстаз бен студент арасындағы әдемi сабақтастықты үзiп жiбер­дi. Осы нәзiк байланыс содан бастап жалғасып кете алмағанын ауылда жүрсек те сезiп жүрдiк...
Алтынбек Алдияров,
Ақтөбе.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті