1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №94 (15968) 27 қараша, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
27 қараша 2014
Сыймадың қазағымның маңдайына

(Мұстафа Өзтүрiкке )

Жүрегiң соғушы едi өз елiм деп,
Келiп ең сағынышпен көремiн деп.
Ұлтыңды, қазағыңды аңсап келiп,
Ойлап па ең, өз елiңде өлемiн деп?!
 
Отырмын экраннан тыңдап көрiп,
Халқыңа қадiрмендi қымбатты едiң.
Елiм деп аңсап келген  арысым-ай,
Өлiмiң қалды бiзге жұмбақ болып.
 
Алқынып, алып ұшып жеттiң елге,
Алғыр ең, алмастайын өткiр ең де.
Әлемге таныттырған өз халқыңды,
Бiр ұлы қазағымның деп бiлем мен.
 
Өзiңдi қуанышпен шақыртты елiң,
Елiңдi көргенiңе бақытты едiң.
Баулыған өсiп жатыр бұл күндерi,
Iзбасар iнiлерiң , шәкiрттерiң.
 
Жинап ең жастарымды жан-жағыңа,
Көз салдың туған өлке таңдарына.
Алыстан аңсап келген арысым-ай,
Сыймадың қазағымның маңдайына.
 
Дүйсенбек Бөкенов,
Шоқпартоғай ауылы,
Жылой ауданы,
Атырау облысы.
 
Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті