1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №92 (15966) 20 қараша, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
20 қараша 2014
Бұл жарна қайда жұмсалады?

Бiрде мен вокзал маңындағы газет сататын дүңгiршiктен газет алуға бардым. Сонда бiр келiншек сатушыдан орыс тiлiнде газет сұрады. “Президент қазақ елiнiң болашағы қазақ тiлiнде деген жоқ па?! Неге қазақша сөйлеспейсiң?” деп едiм, өзiмдi сөгiп тастады.

Шаруамен облыс орталығына барсақ, қоғамдық көлiкке мiнемiз. Сонда ақша жинаушы қазақ қыздары “жүру ақысы – 40 теңге” деп орысша қақсап тұрады. Мен бiрде естiмеген болып көлiктен түсе бергенiмде: “Вы что, глухой?..” дедi. “Естiдiм, сiз орысша айтқан соң қазақша сұрай ма деп...” деп, жарнасын төледiм. Әлгi қыз ұял­ған болуы керек, қазақша кешiрiм сұрады. Ендi ол бала алдағы уақытта қазақша сөйлер деген үмiттемiн.
Менiңше, әрбiр отбасы баласына қазақ тiлiн құрметтеудi үйретуi керек. Жатпай-тұрмай.
Мен бiздiң аудандық “Қазақ тiлi” қоғамының бiр шара жасап жат­қанын естiген де, көрген де емеспiн. Әйтеуiр, естуiмше, бюджетте жұмыс iстейтiндер 250 теңге жарна төлейдi екен. Бұл жарна қайда жұмсалады? Сұрастырып көрсем, ешкiм бiлмейдi. Ең болмаса, балабақшаға, жағдайы төмен отбасылардың балаларына жәрдем жасаса деген ойдамын. Әйтеуiр, жиналған ақша бiреудiң қалтасында кетпеуi керек қой...
Төребай Болтаев,
Шалқар қаласы,
Ақтөбе облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті