1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №92 (15966) 20 қараша, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
20 қараша 2014
Жаһандану ма, жабайылану ма?

Әйтеуiр уақыт озған са­йын ұятымыз тiзеге сырғып бара жатқандай... Бұлай деп айтуға себеп көп. Осыдан 5-6 жыл бұрын төрiмiзде тұратын елтаңбамыз бен туы­мыз бейнеленген iш киiм­дер сатылымға шыққан едi. Оны таңсық көрген жастарымыз таласып тұрып сатып алды. Бұл аздай, насыбайдың сыртына Абайдың суретiн салдық. Сонда: “Абай атамыз да насыбай атқан екен, онда тұрған ештеңе жоқ!” деген жастарды да көзiмiз көрдi. Ел дүрлiктi, әрине. Дүрлiккенде де жаны ашып, айқай салған екi-үш газет қана болмаса, жоғары жақтың басы ауырып, балтыры да сыздаған жоқ.

Ендi Алматыдағы сауда орындарының бiрiнде маңдайында қазақ руларының атауы жазылған бас киiмдер сатылып жатыр. Бiр жылдан аса уақыт жұмыс iстеп жатқан бұл сауда орнының тұтынушылары – тегiс жастар. Бұл дегенiңiз барып тұрған арандатушылық қой. Онсыз да көшеде көлiк­терiне ру аттарын жазып алып, бiр-бiрiне қырын қарап жүргендер қаншама?! Өз руын өзi малданып, көрiнген iске қолшоқпар жасап, өмiр сүру құралына айналдырып алған билiктегi шендi-шекпендiлер оңбайды. Солардан үлгi алған ұрпақтар бүйтпегенде қай­т­сiн?.. 
 
Серiкжан Мурасилов, 
Райымбек ауданы,
Алматы облысы.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті