1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (15964) 13 қараша, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
13 қараша 2014
Жайықтың жағасы қоқысқа толды

Бiз Атырау қаласының орталығында, соның iшiнде Азия мен Еуропаны қосып тұрған белгiлi көпiрдiң маңында тұрамыз. Бiраз жылдан берi үйiмiздiң маңына, яғни Жайықтың оң жағалауына үйiлген қоқыспен арпаласудамыз. Және бұл қоқыс Жайыққа қауiп төндiруде. Бiрақ онымен ешкiмнiң шаруасы болмай тұр. Жергiлiктi әкiмшiлiкке де өтiнiш жасадық, нәтиже жоқ. Қайта күн өткен сайын қауiп күшейiп барады. Себебi жаңа үйлер көптеп бой көтеруде. Әрi бұл қоқысқа не тасталмайды дейсiз? Iрi қара, өлген

қой, шiрiген балық, шошқа, тiптi үйлерiнде көп иттерi барлар да қалдықтарын осында тастайды. Ал жаз күндерi үйде не аулада отыру мүмкiн емес, сасық қолқаны қабады. Жағалаудағы қамыстардың арасында да қаншама қоқыстар жатыр. Ең қауiптiсi – Жайық өзенi тиiп тұр, небiр зиянды ауру тарататын қалдықтар сумен бiрге ағуда. “Балаларымыз мектептен қайтарда немесе ойнап жүрiп зиянды микробтарды жұқтырып алса қайтемiз?” деген қорқынышымыз басым. Ал жергiлiктi санэпидемстанса мамандары бiздiң жанайқайымыз­ға мән бермей отыр.
Бiздiң сұрайтынымыз: қоқыс алаңы жағалаудан алыстау, барлық тазалық нормалары сақталған аймаққа көшiрiлсе екен.
Әмiре Қашаубаев атындағы көше тұрғындары атынан – Бибiгүл, Қанат, Гүлжан, Халық және басқалары,
Атырау қаласы.
Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті