1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №88 (15962) 6 қараша, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
6 қараша 2014
Жақсыдан шарапат
  • Естелiк
Биылғы жылдың ақпан айының аяғында Ұзынағаш ауылында өткен “Жыр алыбы – Жамбыл ата” атты республикалық оқушылар айтысына шәкiртiм Мадиярды апарған едiм. Есенқұл аға тiрi болғанда шәкiртiме ақындықтың қыр-сырын үйрететiн едi. Амал қанша, бiреуге ерте, бiреуге кеш келетiн ажал ағаны ерте алып тынды.
Осыдан он жыл бұрын исi қазаққа аты мәшһүр ақын Есенқұл Жақыпбек Атырау облысына, одан әрi облыстың ең шалғай аудандарының бiрi – Қызылқоға ауданына келiп, жұртшылықпен кездескен едi. “Алматыдан Есенқұл ақын келдi. Ақынмен айтысуға сiздiң шәкiртiңiздi таңдап отырмыз” деген аудандық оқу бөлiмiнен хабар жеткен соң, 7-сыныпта оқитын Әнуарбек Садықов есiмдi оқушымды алып мен де жеттiм.
Шәкiртiм ақынмен айтыс­қанда “атақты ақынның алдында қысылып қала ма?” деп қатты толқыдым. Алайда Әнуарбек әлi келгенше бар өнерiн салып айтыса бiлдi. Бұған қуанған мен әрi ақынға риза болғандықтан ақын ағаға бiр шумақ өлең шығардым. Сөз кезегi маған тигенде өлеңдi оқып бердiм:
“Ақын келсе құшақ жая қарсы алып,
Қуанады көпшiлiк те жар салып.
Ақын аға, Қызылқоғаны ұмытпай,
Жүрiңiзшi хабарласып, хат жазып” дей келе, Мұқағали ағаның “Әйелдер-ай” деген өлеңiнiң сарынымен шығарған “Еркектер-ай” деген өлеңiмдi қоса оқып берейiн:
Еркектер-ай, еркектер-ай қандайсың?
Бәрiң жомарт, қайырымды жандайсың,
Әлемдегi әйелдердiң iшiнен
Әдемiсiн, ең сұлуын таңдайсың!” деп едiм, залдағы халық қыран-топан күлкiге батты.
Кездесу аяқталар тұста аудандық мәдениет бөлiмiнiң меңгерушiсi Iзбасқан Жәния: “Ағаң өлеңiңдi сұрап жатыр” дедi. Мен шимайланған өлеңiмдi дұрыстап жазып бердiм.
Қанша дегенмен де арқалы ақындардың қасиетiнiң әсерi болар, ақын ағамен айтысқан Әнуарым бұл күндерi облыстық ақындар айтысына, мүшәйраларға қатысып, жүлделердiң сүбелiсiн иеленiп жүр.
 
Бағдагүл Қайыңбай,
Жанкелдин ауылы,
Қызылқоға ауданы,
Атырау облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті