1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (15958) 23 қазан, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
23 қазан 2014
Ақбикеш мұнарасы жетiмсiреп жылап тұр

“Ақбикеш сәлем айтар Сарыарқаға, Қаптаған Қаратауда бұлақтардан” деп әнге есiмi қосылған Ақбикеш бұл жолғы сәлемiн Қаратаудағы бұлақтардан емес, Сарыарқа төрiн­дегi айшықты Астанаға жолдағандай. Қарт таудың күн ба­тыс­қа қарай созыла жатқан сiлемдерiн бойлай жүрсең, жауынгер халықтың жебесiнiң сүңгiсiндей көкке шаншылған Ақбикеш мұнарасын көресiң. Аты әлемге мәшһүр болған алып мұнара бұл күнде мұңды сұлбаға айналған. “Ешкiм келiп көмектеспесе қойсын, өзiмiз де елмiз. Қол қусырып қарап отыра алмаймыз. Ертеңгi күнi ұрпағымыз бұл салғырттығымызды кешiрмес!” деп безек қаққан ақсүмбелiк ағайындардың ащы жанайқайын Ақбикеш қарауыл-мұнарасын жақын барып көргенде ғана түсiнесiң. Әр iстiң өз тәртiбi бар. Әркiм барып лай жағып, сылай салар жай ғана құрылыс нысаны емес, тарихи жәдiгер екенiн қарапайым халық та түсiнiп отыр.

Алғаш салынғанында биiк­тiгi 25 метрден асып, үш жақтан дүниенiң төрт бұрышын көрсетiп тұратын алып, әскери мұнара едi. Бұл күнде уақыт өз дегенiн iстеп, бойы небәрi он метрден сәл ғана асады. Қолы икемдi, епсектi шығыс шебер­лерi түйе мен жылқының сүтiне қыл қосып илеп соққан. Жыл­қының сүтi желге шыдатып, түйенiң сүтi жауын-шашынға төздiрiп келдi.
Ақбикеш жайында аңыз көп. Соның бiрiнде Алшын руы­нан шыққан батыр, өжет қыз болған дейдi. Ендi бiрде Ақбикеш аға-апасымен бiрге со­ғыс­қа қатысып, шейiт болған екен, күйiктен жапа шеккен ағалары өз қолдарымен ескерт­кiш етiп осы мұнараны шошақ сәукеле сияқты етiп соққан екен дейдi. Ендi бiр аңызда... 
Не десек те, Ақбикеш мұнарасын қалыпқа келтiрудi қолға алғанымыз жөн. Бүгiнгi таңда сәулетшiлерiмiз бен мәдениет саласында жүрген жоқтаушыларымыз қала мұражайларына көбiрек көңiл бөлiп, дала мұражайларына бет бұрмай кете ме деген қауiптен алаңдаймыз. Бiз жүрмiз мұздан қалашық салдырып, шетелден әншi шақырып, дарақылана аста-төк той жасап, ал ұлы мұра (Ақбикеш мұ­нарасы) жота басында, жауын астында жетiмсiреп жылап тұр...
 
Мақсат Қарғабай,
Созақ ауданы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті