1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №82 (15956) 16 қазан, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
16 қазан 2014
Ұлттық намыс қайда?

Қазiргi заманды жайлаған жаһандану үрдiсiнен аман қалудың бiрден-бiр жолы – ұлттық салт-дәстүрдi, ұлттық құндылықтарымызды және ана тiлiмiздi сақтап қалу. Сақтап қалу үшiн не iстеуiмiз керек? Тiлдi, дәстүрiмiздi күнделiктi тұрмыста кең қолдануымыз және басқа ұлттарды да қолдануға мәжбүрлеуiмiз қажет. Тәуелсiздiк алдық десек те, тiл тәуелсiздiгi, экономикалық тәуелсiздiктiң және т.б. ауылы алыс. Әлi күнге дейiн жағдайымыз дұрыстал­ған жоқ. Шындығын айтсақ, пайдасы жоқ жиындар мен форумдарға кеткен ақшаға iшiң ашиды.

Бiрдi айтып бiрге кеттi демеңiздер, шындығын айтсам, БАҚ саласын орыс тiлi жайлап алды. Оның денi ҚР тәуелсiз­дiгiне нұқсан келтiрiп жатыр. Көршi Өзбек елi мен Түрiкмен елiне қарасаңыз, тек өз тiлдерiн өрге бастырып жатыр. Ал бiзде қазақша хабардың өзi орыс тiлiмен араласып, ботқа болып отыр. Әсiресе, “Бешбармақ” бағдарламасы тiптен ұят. “Беш” деген қазақтың сөзi емес. “Ет жеудi” қазақ “ет асу” деп атайды. Қазақ сонда бармағын жей ме? Қанша айтылып, жазылып жатса да телехабар басшыларының, оның жүргiзушiсi Абдуллиннiң не намысы, не түсiнiгi жоқ болып тұр. Әр кез сыннан қорытынды жасау керек емес пе? Заңды неге қадағаламайды?
Д.Шардарбеков,
ұстаз.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті