1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №82 (15956) 16 қазан, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
16 қазан 2014
70 жылдан кейiн iздеп таптық

Әкемiз Естiбай бiр әке-бiр шешеден үш бала болған екен (Естiбай, Бөстай, Ханшайым). Әкелерi Әкетай (Мұхаметше) Аманжолұлы жас қайтыс болып, олар ерте есейген көрiнедi. Бар ауыртпалық үшеуiнiң мойнына түседi. Сол себептi әкемiз жетiншi кластан оқуын тастап жұмысқа шығып кетедi, ал iнiсi Бөстай ағамыз бен Ханшайым тәтемiз оқуларын оқып, жазғы каникулдарында колхоздың егiс-дала жұмыстарына үлес қосады. 

1942 жылдың шiлде айында Естiбай мен Бөстай әскерге бiрге кетедi. Ауылдағы туған-туыс, көршi-қолаң Сары­өзек станциясынан оларды майданға шығарып салады. Бөстай ағаның керемет әншi­лiк өнерi болған екен, қолына гармонын алып, аңыратып ән айтып, шығарып сап тұрған анасымен, қарындастарымен, ауылдастарымен қоштасқан көрiнедi. “Жаңалық пен Күр­кiл­­дектiң арасы бiр, Қыз-ке­лiншек сол жерде жарасып жүр, Артымда Омарбектей iнiм қалды, Ағайын көз қырың сап, қарасып жүр” деп әнде­тiп, күллi жұртты жылатқан екен. Сонда Естiбай әке­мiздiң тұңғыш баласы Омарбек бiр жаста болыпты. Бөстай аға шешесi Нұриламен қоштасып тұрып: “Әйе, бiз майдан­ға кетiп барамыз, ол жақтан тi­рi қайтамыз ба, жоқ па, бiр Құдай бiледi?! Омарбекке жақ­сы қараңдар, артымызда тұқым қалсын”, – деп жұрттың кө­зiне тағы жас алдырған екен.

Бөстай аға бауыры Естi­бай­мен Челябi облысының Шұ­баркөл деген станциясында айырылысады. Бөстай аға Сталинград майданына, ал Естiбай әкемiз Ленинград бағытына әкетiледi. Екеуi соғыс­та жүргенде бiр-ақ рет хат алысқан көрiнедi. Бөстай ағаның жазуы бойынша,

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті